Кеш емес, разылығын ал. Ата-ана разылығы өте маңызды.
muftyat.kz
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш қайтара: «Ауыр күнәлардың ішіндегі ең ауыры қандай күнә екенін сендерге айтайын ба?», - деді. Адамдар: «Йа, Расулулла, айтыңыз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға серік қосу, әке-шешесін тыңдамау және мұсылман тобынан қашу», – деген. Қараңыз, Алла Тағала Өзіне құлшылық қылғаннан кейінгі ең ұлық амал ата-ананы құрметтеу. Алла Тағала серік қосу – үлкен зұлымдық болса, сол зұлымдықтан кейінгі ең зұлым амал – ата-ананы құрметтемеу, оларды қадірлемеу.