«Реуіште» сөзінің мағынасы қандай?

0 дауыс
1.0k қаралым
Қазақ тілі пәнінен бізге мәтіннен сөздерді теріп, олардың мағынасын жазуға берді. Сөйлем: Сыпайы реуіште жүру керек дейді және де.
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Сияқты модаль сөзінің синонимі ретінде тілімізде тәрізді, әлпетті, сықылды, секілді сөздері де қолданылады. Соңғы екеуі фонетикалық тұрғыдан екі вариантта айтылғанымен негізінде, бір-ақ модаль сөз. Сияқты тәрізді, сықылды модаль сөздері өздерінің негізгі лексикалық мағынасында қолданылғанда адамдардың, басқа да әр түрлі заттардың арасында болатын өзара ұқсастықты білдіреді. Яғни салыстыру мағынасында айтылатын –дай, -дей қосымшасының қызметін атқарады. Бұл сөздер кейде әр түрлі етістік қосымшаларын да қабылдайды. Бұлармен тақылетті, реуішті, мәзімді, іспетті сөздері де мағыналас.

Реуішті - сықылды, секілді 

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,299 жауап
153,149 пікір
72,744 қолданушы