0 дауыс
1.2k көрілді
Шекіссек сөзінің мағынасы қалай болады?

2 жауап

0 дауыс
Шекісу. Біреумен біреудің қарсы келігі, қақтығысып, ұрсысуын осылай да айтамыз. «Қатуланса қалың ел, хан тәремен шекісер (М. Әуезов Таңд. шығ.). Сөздің тұңғыш тұлғасы мен мағынасы түркі тілдерінің ішінде чуваштарда сақталған тәрізді, «шеекееш» немесе «сеекееш» тұлғалы сөздер біздің түсінігіміздегі «сүзісу» мағынасында көрінеді. Біздің байқауымызша, чуваш тіліндегі «сеекееш»— қазіргі қазақ тіліндегі «сүзіс» сөзінің ертедегі дыбыстық құрамы. Дыбыстардың сәйкестік заңы бізге осылайша қарауды талап етеді. Ал мағына жағы — бейнелеп, ұқсата көрсету нәтижесі. Адамдар сүзіспейді, оның орнына сөздерін сүзістіреді, қақтығыстырады.
0 дауыс
Жалпы шекіс - бір-біріне қарсы келу, қақтысу, ұрсысу деген мағынаны білдіреді.
Ал шекіссек бұлда осы мағынаны білдіретін шығар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Ерлан Беков 12.04.2023 Жалпы сұрақ сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 9.03.2023 Үй тапсырмасы сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 22.09.2020 Қазақ тілі сұрақ қойды
...