0 дауыс
695 көрілді
Жеті атадан асу дегеніміз не?
Жеті атадан асқанды қалай білуге болады?

1 жауап

0 дауыс
Жеті атаға толмай қыз алыспау – ата-бабамыздан бері келе жатқан қатаң құқықтық заң-ереже. Бұл – ауру тудыратын генетикалық өзгерістердің, физиологиялық және психологиялық ауытқудың алдын алу үшін жасалған сақтық шарасы.

Яғни, үйленетін азамат қалыңдықты жеті таудан асып, жеті өзеннен өтіп тапса, ерлік саналған. Бұл ұрпақ саулығын, қан тазалығын, тектілікті сақтаудың ең ұлы әрі ең сенімді жолы ретінде әлемде мойындалды.

Қазақ жеті атаға толып, қыз алысуға рұқсат болғанда төмендегідей жоралғы жасаған. Баяхмет Жұмабай, этнограф, жазушы:

"Әрине, бұл жағдай екі жастың өзара махаббатынан туындайтыны белгілі. Мұндай кезде ауыл ақсақалдары мен билері ақылдасқан. Егер екі жастың туыстық байланысы жеті атаға толса, жеті рудан билер мен ақсақалдарды жинап, "Ақсарбас" айтып, мал сойып, батасын беретін болған. Сонымен бірге жаңа шыққан руға ру атын, ен-таңбасын, аруақ-ұранын белгілеп берген. Міне осы баталасудан кейін бұл екі ру бір-бірінен қыз алысатын болыпты".   
Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.           
...