+3 дауыс
Ата-Қазақ жеті атасын білмеген жетесіз деп жатады сонда қалай, әкесі жоқтар, анасының қолында өскендер, нағашы жұртында өскен балалар жетесіз бе??????
26.09.2013 6.1k қаралым

3 жауап

+1 дауыс

Міржақып, сен атаған жандар неге жеті атасын білмейді, жетесіз атанады деп ойлайсың? Адам баласы дүниеге келгенен соң оның әйтеуір бір әкеден жаралғаны айдан анық қой. Міне жеті атасы сол әкеден тарайды. Демек қайсысы болса да жеті атасын түгендеп жетесіз атанбауға мүмкіндіктері бар, әкесі болмау немесе нағашы қолында өсу оған ешқандай кедергі келтірмейді.

26.09.2013
0 дауыс
Қате пікір туындатпа. Бала нағашысының қолында өссін, анасымен жалғыз өссін ол жеті атасын білмеуіне еш себеп бола алмайды. Болатын бала болса анасынан сұрап алады, әкесінің туыстарын тауып алып сұрайды дегендей ғой. Ал туыла сала жетім үйде өскен, ата анасының атын да білмейтін балалрды жеті атасын білмегені үшін жетесіз деп кінәлағым келмейді. Олардың еш кінәсі жоқ. Өз ойымды білдірдім.
26.09.2013
мен Аллаға шүкір қазір болған баламын уже! болатын бала дегенде, бірақ мен нағашыларымның қолындамын, әкеміз тастап кеткен, туыстарыменде хабар емеспіз, демек мен сонда қандаймын, әкемнің тіпті келбетінде білмейтін мен, тіпті оның әкесі қайдан білем??? Қалай сонда???
Міржақып, бұл жерде еш қиындық жоқ сияқты, сен әкең туралы білмегенмен шешең білуі керек қой. Сол сияқты нағашың да білуі керек, руы қандай, қай ауылдан екенін, ал ары қарай біліп алу еш қиындық тудырмайды. Байқауымда өзің  болған бала екенсің, қолыңнан келуі керек деп ойлаймын.
0 дауыс
Болган баламын деген калай тусинбедим?
29.03.2016
дәл сол мағынада түсіне бер) нақты мағынасын түсіндіруге тіл байлығым жетпейді ма, әлде ерініп тұрмын ба білмеймін)
127,956Сұрақ
322,865Жауап
153,167Пікір
72,969Қолданушы