Қол жуып болған соң қолдағы суды неге бүркуге болмайды?

0 дауыс
673 қаралым
Қол жуып болған соң қолдағы суды неге бүркуге болмайды?

Діни көзқараста?
• Санаты: Жалпы сұрақ

2 жауап

0 дауыс
Марқұм анамнан естуімше, кезінде ислам дініне күштеп енгізілгендер қарсылық ретінде, дәрет алып болған соң, қолдарын сілкіп, су бүріккен екен
0 дауыс
Халық арасындағы аталмыш тыйымды "ырымға" балағаннан гөрі әдептілік пен тәлім-тәрбиеге жатқызған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, су қолды сілкілеп тұру - қасындағы адамдарға қолайсыздық тудыруы мүмкін. Тіпті, ол әрекеті үшін тым жиіркеншек адамдардан сөгіс естіп қалуы да ғажап емес. Әйтсе де, мұны хадисте айтылғандай шайтанның әрекетіне теңеп, жаман ырымға балап жатқан кісілерге де "қателестің" дей алмас едім.

Діни тұрғыда, жуғаннан кейін қолды сілкілемеген абзал. Бірақ сілкілеген кісіге күнә жазылмайды.

Әлсіз бір хадисте былай делінген: "Дәрет алған болсаңдар қолдарыңды сілкілемеңдер. Шынында сілкілеу - шайтанның желпуіші болып табылады".

Дегенмен, басқа хадисте Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ғұсылдан кейін қолын сілкігендігі айтылады. Мүміндердің анасы Харис қызы Мәймунаның (р.а.) риуаят еткен хадисінде Алла елшісінің ғұсылды қалай алғандығы баяндалады. Хадистің соңғы бөлімінде былай деген: "Мен оған сүлгі алып келген едім, ол оны алмады. (Оның орнына) Қолымен (денесіндегі) суды сілкілей бастады".

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
11 жауап
18.07.2013 • Санаты: Тазалық Белгісіз сұрақ қойды
+4 дауыс
7 жауап
0 дауыс
8 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,754 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы