0 дауыс
2.9k көрілді
суды қандай ауыр металдар ластайды?

1 жауап

0 дауыс

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар
  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер
  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар

Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы МемСТ 287482 бойынша 30 міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері — тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:

  • тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар;
  • өнеркәсіп орындары;
  • ауыл шаруашылығын химияландыру:
  • халық шаруашылығының басқа да салалары.

Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58%, минералдық заттар 42 тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттармен сулардың ластануы өте қауіпті. Бұлар –химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицид, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс- жидек, бау-бақша, теплица (жылы жай) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес үкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар пайдаланылған Нәтижесінде, су ластанып, оның сапасы мен микрфлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық –түлікпен адам организмін кері әсерін тигізді. Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр. Оның негізгі ластану көздері мыналар:

  • өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
  • химиялық заттар және тыңайтқыштар;
  • тұрмыстық қалдықтар;
  • жер асты суларымен жалғанатын құбырлар;
  • ірі құрылыс учаскелері;
  • күзгі алаңдар, бұрғы-скважиналары болып табылады.'

Жер асты суларында әртүрлі жұқпалы аурулар тарататын микробтар, вирустар кездеседі. Қазақстан жағдайында өзен-көлдердің ластануы көбіне өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.

Ауыр металдар  – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап , никель, кадмий жатады.

Ауыр металдардың көптеген қосылыстары, әсіресе, тұздары организм үшін зиянды. Олар тағам, су, ауа арқылы ағзаға түскенде ыдырамайды, кейбір органдарды (бүйрек, бауыр, буын, т.б.) жиналып, денсаулыққа қауіп төндіреді. Сондықтан Ауыр металдардың қоршаған ортадағы мөлшері белгіленген шамадан аспауы керек.

Ауыр металдар барлық ортада бақылауды қажет ететін басымдылығы жоғары ластаушы заттарға жатады. Қауіптілігі жағынан екінші орында тұр. Олар атомдық массасы, тығыздығы, улылығы, табиғи ортада таралуы, табиғи және техногендік циклге тәуелділік дәрежесі сияқты көрсеткіштерімен ерекшеленеді. Ауыр металдардың басқа ластаушы заттардан басты айырмашылығы, олар «өздігінен тазара» алмайды. Барлық таралу үрдістерінен кейін суда да, топырақта да, ауада да, тіпті тағамда да металдың концентрациясы артады.

Экологиялық мониторинг пен қоршаған ортаның ластану мәселесіне арналған жұмыстарда, ауыр металдарға Д.И. Менделеев кестесіндегі атомдық массасы 50–ден асатын 40–қа жуық элемент жатады деп белгіленген.Олар: мыс, мырыш, сынап, темір, молибден, кадмий, қорғасын, никель, висмут, хром, кобальт, марганец және т.б. 

Ауыр металдардың қоршаған ортаға түсуінің табиғи және техногенді көздері бар. Ауыр металдардың табиғи көзіне бірінші кезекті тау жыныстарын (шөгінділер, магмалық, меторфикалық, желдетудің өнімдерінен) түзілген топырақ қабаты жатады.

Сонымен бірге ауыр металдардың таралуының табиғи көзіне термологиялық су және тұздықтар, космостық және метеорикалық шаң, жанартау газдары, орман өрттері, теңіз суларының диспергерленуі, кейбір биологиялық және тағы сол сияқты үрдістер жатады.

Биологиялық көздерге өсімдіктердегі транспирация, өсімдіктердің споралары мен тозаңдарының атмосфераға түсуі сияқты үрдістерді жатқызады.

Мырыштың глобальды түрде қоршаған ортаға құрғақ аймақтың жоғары сатысындағы өсімдіктерінен түсуін ғалымдар: жылына 300×103 тонна деп жорамалдайды. Ал тозаңмен тропосфераға шамамен 80×106 тонна минералды заттар түседі.

Техногенді көздер. Экожүйеге ауыр металдардың техногенді түсу жолдары әрқилы болып келеді. Олардың ішіндегі маңыздылары: қара және түсті металлургия өндірістері, электростанциялар, көмір және мұнай жағатын орындар, автотранспорт, мал шаруашылық кешеннің қалдықтары, ағып келіп қосылатын су қалдықтары, минералды және органикалық тыңайтқыштар, тау кен және химиялық өнеркәсіптер мен ғаламшардың милитаризациясы және әр түрлі әскери сынақтар. 

Қорғасынның қоршаған ортаға түсуінің негізгі көзі болып автокөліктің жанар-жағармай отындарын жағуы болса, Cd, As, Cu және Zn түсуіне түсті металлургия, Co, Ni және Se – жылу электр энергетикасы, химиялық өндіріс орындары бөліп шығарады.

Табиғи комплекстердің ауыр металдармен ластануына негізінен ықпал ететін түсті металлургия өндіріс орындары: «Қазмырыш» ААҚ, «Үлбі металлургия зауыты» АҚ, «Өскемен титан-магний комбинаты» ААҚ, «АЕS Өскемен ЖЭО» ЖШС, «Согра ЖЭО» ЖШС. Жыл сайын облыстағы 16 ірі кен орны мен 3 байту фабрикасы 13 млн тоннаға жуық руданы өндіреді және өңдейді.

Ауыр металдармен ластану өндіріс орындарында металдарды кеңінен пайдалануға байланысты, тазалау жүйелерінің нашарлығы нәтижесінде қоршаған ортаны, оның ішінде топырақты ластайды. Ауыр металдар топыраққа кен-байыту мекемелері қызметі нәтижесінде де түседі.

2010-2012 жылдары Өскемен қаласындағы топырақтың сынамаларында кадмий 0,4 - 42,0 РБШК, қорғасын - 0,8-22,2 РБШК, мыс - 0,1-14,2 РБШК, хром -.0,01 -1,6 РБШКжәне мырыш - 0,5-6,6 РБШК шегінде болды..Топырақтың кадмиймен көбірек ластануы көктемгі кезеңге тән, ол атмосфера ауасынан құрамында металы бар өлшемелі заттар жинақталған қар қабатының еруімен байланысты.

1-кесте. 2010-2012 жылдардағы Өскемен қаласының топырағындағы ауыр металдар мөлшері

Заттың атауы

Топырақтағы рұқсат берілген шектегі концентрация (бұдан әрі - РБШК) мг/кг

Қорғасын (жалпы нысан)

32,0

Мыс (жылжымалы нысан)

3,0

Хром (жылжымалы нысан)

6,0

Хром+6

0,05

Марганец

1500

Никель (жылжымалы форма)

4,0

Мырыш (жылжымалы форма)

23,0

Кадмий (жалпы нысан)

0,5

Мышьяк (жалпы нысан)

2,0

Төменде 2010-2012 жылдар мен 2013 жылдың көктемгі кезеңіндегі Өскемен қаласындағы топырақтың ауыр металдармен ластану динамикасы көрсетілген(ең жоғарғы маңыз). Өскемен қаласында топырақтың ауыр металдармен ластану жағдайы 2010-2012 жылдары және 2013 жылдың көктемгі кезеңінде РБШК нормасынан жоғары болған. Топырақтың көбірек ластануы кадмий және қорғасын бойынша байқалды [5]

hello_html_m2191de3c.png

1-сурет. Өскемен қаласы бойынша топырақтың ауыр металдармен ластану көрсеткіштері.

hello_html_m2c37e36b.png

2-сурет. Атмосфераға шығарылған заттар көлемі, мың тонна.

2010-2012 жылдар аралығы мен 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы кезеңде бірқатар қалалар бойынша Шығыс Қазақстан облысының атмосфера ауасына шығарылған ластаушы заттардың шығарындыларының динамикасы келтірілген, одан атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар эмиссиясының шамалы төмендеу беталысы көрініп тұр (1 графикте).

Қоршаған ортаның ауыр металдармен және өзге улы заттармен ластануы қаланың экологиялық жағдайы үшін ірі масштабты қауіп тудырары сөзсіз. Ауыр металдармен орта компоненттерінің ластануының өзектілігі адам ағзасына тигізетін ықпалының ауқымдылығымен түсіндіріледі. Ол адамның денсаулығына кері әсер етіп, көптеген теріс ықпалдарға, қауіпті зиянды іс-әрекеттерге, денсаулықтың бұзылуына, ауруға шалдығуына әкеліп соқтыруда. Улы, аллергиялық, концерогендік ықпал ете отырып, адам ағзасының барлық жүйесіне әсер етеді. Жүйелі түрде адам ағзасының улануы өндіріс такциканттары мен радионуклидтерден және жоғары көлемді минералдар мен пестицидтерден ластанған топырақта өскен азықтық өнімдерден болады.

2010-2013 жылдардағы статистика деректерінің негізінде экологиялық қауіпсіздік орталығы ШҚО өнеркәсіп қалаларындағы ластаушы заттардың шығарындыларының меншік көрсеткіштерін есептеп шығарған.

Графиктерге талдау жасасақ атмосфера ауасының құрамындағы көрсетілген зиянды заттардың шамалы төмендеу беталысын көреміз. Бұнымен қатарлас азот диоксиді мен күкіртке РАИСПЭМ автоматтандырылған жүйесімен жүргізілетін бақылау Өскемен қаласының атмосфера ауасында зиянды заттардың шамалы төмендеу беталысын растайды.

Шығыс Қазақстан облысындағы экологиялық ахуалға жасалған талдау қоршаған ортаға түрақты көздерден шығатын шығарындылар мен құйындылардың тұрақтанғанын көрсетті.

Қорыта келе, қаланың барлық шағын қазандықтарында тазарту ғимараттарын енгізуге қол жеткізу міндетін қою керек. Өскеменде барлық «түтіндететін» авобустардың толық жойылуы қажет және Алматыдағы сияқты жолаушы көліктерін газға ауыстыру қажет. Экологиялық қауіпсіздік орталығы Өскеменді әсіресе, өнеркәсіпті кәсіпорындардың санитарлық-қорғаныс аймақтарын көгалдандыру жоспарын әзірлеу және іске асыру бастамасымен шықты. Қаланы тиімдірек көгалдандыру жасыл екпе ағаштардың тұрғындарды қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғаудағы қорғаныс рөлін күшейтуге әсер етуі тиіс (күн радиациясы, шу, атмосфера ауасының ластануы). Сондай-ақ ШҚО қалаларын газдандыру бағдарламасына бастама көтеріп және осы мәселе бойынша үкіметтік шешімге қол жеткізу міндеті қойылуда. Бүгін күні айқын емес: жақын болашақта ШҚО-да газ бола ма, әлде болмай ма. Сондықтан экологиялық қауіпсіздік орталығы 2030 жылға дейін болашақта орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жобасын әзірлеуге қатысуда, бұл шағын қазандықтардың санын қысқартуға мүмкіндік береді және сонымен атмосфераға шығарылатын зиянды заттардың шығарындысын біршама азайтады. Маңызды мәселелердің ішінде - Қаражыра кен орнында байыту фабрикасының қурылысын салу. Жол, айналма жол, көпірдің сапасынан бастап автомобиль көліктері бойынша мәселелер кешені да маңызды.  Жанар-жағармай материалдарының сапасы, су қорғау аймақтарына орналақан алты-сегіз жанар-жағармай құю станцияларын қаланың орталығынан шығару. Қалалардың қазандықтарына тазарту қондырғыларын міндетті түрде енгізу, бірқатар инновациялық технологияларды және т.б. енгізу керек.

.

...