0 дауыс
3.1k көрілді
Дулат Бабатайұлына хат жазу керек плиззз комектендерш

1 жауап

0 дауыс
Құрметті Дулат Бабатайұлы. Қал-жағдайыңыз қалай? Сіздің өлең-жинақтарыңыз көп екен. "Өсиетнама" деген кітабыңыз бар екен. Сіз сияқты адамдарды мақтан тұту керек. Сіздің көптеген өлеңдеріңіздің арасынан ең ерекшесі "О, Ақтан жас". Себебі сіз ол жақта өзіңіздің ойыңызды толықтай жеткізе алғансыз. "О, Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі менің көзіме жас ұялатты. Сіз Ақтан баланы аяп, соған өлең жазып, басқаларға жетім баланың өмірін көрсеткенсіз. Жетім балаға үміт бергенсіз. Жетімдіктің қандай екенін көрген Ақтанға үміт беріп оған: "Сұлу сүйер ме екенсің? Сауыт киер ме екенсің?" деп оның елін қорғайтын батыр болуын қалапсыз, оның жетімдіктен қол үзіп, жақсы өмірге жететініне сенім білдірген екенсіз. Әлемде адамның барлығы сіз сияқты болса екен. Сіз сияқты болу негізі менің арманым. Әдебиет кітабында сіз туралы толық жазылмапты. Сол себепті интернет желісінен іздеуге тура келді. Мен сіз туралы көптеген мәліметтер білетін боламын. Дулат Бабатайұлы кім деп біреу-міреу сұраса тез білетінімнің барлығын айтып бере аламын және Дулат ата мен өткен жолы Ақтанғада хат жазған болатынмын. Ақтан менің хатымды алып, оқыды деген ойдамын. Сау болыңыз! Сізді ұмытпайтын боламын. Ауырмаңыз! Езуіңізден күлкі кетпесін. Жақын арада өзіңізбен тағыда хат жазысып, әңгімелесіп отырамыз деген ойдамын. Құрметпен, Арман Санжарұлы.
...