0 дауыс
2.1k көрілді
Дулат Бабатайұлына байланысты 5 сұрақ керек жауабымен?

1 жауап

0 дауыс

1) Дулат Бабатайұлы қашан және қайда дүниеге келген?

Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңірінде дүниеге келген.

2) Дулат Бабатайұлы қайда білім алған?

Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды.

3) Дулат Бабатайұлының өмір сүрген заманына сай қандай жырлар дүниеге келді?

Дулат Бабатайұлы заманына сай "зар заман" жырын тудырды.

4) Дулат Бабатайұлы турады көлемді зерттеу мақаласын кім шығарды?

Қ.Әмірәлиевтің құрастыруымен және көлемді зерттеу мақаласымен қоса, 1991 жылы "Замана сазы (өлеңдер мен Дастандар)" деген атпен "Жазушы" баспасынан шыққан жинағы.

5) Дулат Бабатайұлының "Еспенбет" поэмасының ерекшелігі?

Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.

Ұқсас сұрақтар

...