0 дауыс
226 көрілді
Бетім тартылады. Бір көзім үлкенірек болып тұрады. Алдын лидцавои нерв болып ауырғам. Бір көзім жай қақта қиылдамай жатқан секілді. Сезледі бетім қызи береді. Неден болуы мүмкін, не жақсам болады?

1 жауап

0 дауыс

Дерт белгілері

Бет невропатиясында сезіну ауытқулары маңызды болғанымен, науқас адамдарды бұл емес, қимыл бұзылулары көбірек мазалайды. Езу төмен түсіп, бет қисаюы (ассимметриясы) пайда болады (өйткені кеселденген бұлшық етке қарама-қарсы жақ өзіне қарай тартады). Беттің зақымдалған жағындағы барлық тері қатпарлары, әсіресе мұрынеріндік және маңдай қатпарлары тегістеледі. Бұл тұс үрленгендей болып көрінеді (желкен симптомы). Науқас адамның көзі толық жұмылмайды. Бұл белгі лагофтальм – қоян көз деп аталады. Көз алмасы жоғары және сыртқа жылжиды, жабылмаған көз тесігінен склера көрінеді (Белл симптомы). Сырқаттанған бет бөлігінде ауызды ашу, маңдайды тыжырту, қасты керу нашар жүзеге асады. Қатты асты шайнағанда ол қызыл иек пен жақ арасында қалып қояды, ал сұйық тамақ езуден сыртқа кері ағады. Сырқат адам ысқырып, түкіре алмайды. Бұл дерттің кейде 1 ай немесе 1 жылдан соң сол орынында қайталауы мүмкін.

Дәрігерлік тексеріс

Сондықтан барлық жағдайда бетте әлсіздік немесе салдануды сезе бастағаннан-ақ дәрігерге көріну керек. Бұл симптомдар күшті бас ауыруымен немесе көрмей қалумен қосарланса, шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз. Дәрігер тексеріп қараған кезде науқас бетінің екі жағында да зақым бар-жоқтығын тексереді. Инфекциялық аурулар немесе дене жарақаттары болғанболмағандығын міндетті түрде сұрауы керек. Сүйек сынығынан не басқа жарақаттанудан пайда болған невриттерді тексерген уақытта олар сүйек арасында қысылып қалғандығын анықтау қажет. Сілекей, көз жас ағуы, бас ауруы, құрысу, көрудегі мәселелер, әлсіздік немесе салдану сияқты симптомдар туралы жан-жақты сұрақ-жауап орын алады. Мұның бәрі дұрыс диагноз қойып, емді нәтижелі жүргізу үшін басты шарт.

Қажетті лабораториялық тексерістер

Қан талдауы, оның ішінде, қандағы глюкозаны анықтау, қанның жалпы талдауы, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (СОЭ), Лайм ауруына тест. Мидың компьютерлік томографиясы (КТ) Электромиография Мидың магниттік-резонанстық томографиясы (МРТ) Науқас физиотерапевттен, инетерапевттен, логопедтен кешенді ем алса тез сауығады. Бет нервісінің невриті 1 жылдан асып кетсе беттің сыртқы түрін жақсарту үшін пластикалық хирургия ұсынылуы мүмкін.

Бет қисаюдың басты емі

Емдеу аурудың туындау себебіне байланысты әртүрлі болып келеді. Кенеттен беті қисайып қалған науқастар алғашында ауру себебін білмей, дәрігерге жүгінуден бұрын төсекте жатып қайта-қайта терең дем алуы керек. Қисайған жақты өзі қолымен үздіксіз ақырындап уқалап, құрысу сезімі тоқтағанша жалғастыру қажет. Шығыс-Тибет емі бойынша ең алдымен науқасқа диагноз қойылып, ем тағайындалады. Бет бұлшық еттерін бастапқы қалпына келтіру үшін ең басты ем – ине терапеясы болып табылады. Ине шаншу кезінде пайда болатын биоэлектрлік ток резонанс тудыра отырып емдік әсер етеді. Яғни, бет бұлшық еттері қисайғанда қысылып қалған нервтік жасушаларды қайтадан тірілтіп, оятып, бұрынғы қызметіне қосады. Одан бөлек емдік массаж, емдік дене шынықтыру, физиотерапевтік процедуралар, тибеттік шөп дәрілерді пайдалану ем барысын жылдамдата түседі. Жалпы невропатиялардың емінде сәл ғана айырмашылықтар болғанымен көбінде принципі бірдей. Емдеуші дәрігердің үйдегі күтім туралы ұсыныстарын орындап емге науқас адамның өзі де үлес қосады.

...