+1 дауыс
5.3k көрілді
Қалай ашуланбауға болады?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Ашу, ызаны уақытында басып, тынышталу - таптырмас қасиет. Сабаңызға тез түсіп, өз сезімдеріңізді қадағалап үйренемін десеңіз, сізге бірнеше кеңес ұсынамыз:

Суық. Бір стақан суық су, мұз, балмұздақ... Кез келген суық тағамды жеп, бетіңізге суық басып, салқын суды ішсеңіз, денеңіз сергіп, ашуыңыз басылады. Бұның себебі мынада екен: ашуланғанда дене температурасы көтеріледі, ал салқын су оны баса алады.
Ашудан қашыңыз. Тыныштала алмайтындай қатты ашулансаңыз, тез жүріп, тіпті жүгіріңіз. Ойша ашуыңыз артыңыздан үлгермей, артта қалды деп елестетіңіз. Ызаланған жерде кез келген ұсақ-түйек есіңізге сол сезімді оралтады, сондықтан бұндай сәттері, басқа жерге, көшеге, саябаққа шығып, жүріп келіңіз.
Жаттығулар.  Қарапайым жаттығулар жасап (отырып-тұру, пресс жаттығулары), ашу бойыңыздан кетіп жатқанын сезініңіз.
Сабырлықты жаттықтырыңыз. Қандай жағдай болмасын, салқынқанды болып үйреніңіз. Әрине бірінші кездері бұл оңай болмайды, алайда уақыт өте сіз ұсақ-түйектерге мән бермей, кейін аяқ асты туындаған қиындықтарға да төзімді бола аласыз.
Ашуды жазып алыңыз. Ызаңыз кетпей қойса, оны қағаз бетіне жазып алыңыз. Қалағаныңызша жазыңыз, еш шектелмеңіз. Біреу бұны оқиды деп ойламаңыз, жай ғана бар ашуыңызды жазып шығыңыз. Кез келген сөздерді қолданыңыз. Бұл әдіс  ұялшақ, жалғыздықты ұнататын жандарға таптырмас шешім. Осылайша ашуды іште сақтамай, одан арылуға болады.
Ашудың себептері қандай? Осы жолы не үшін ашуланғаныңызды анықтап, келесіде оған жол бермеңіз. Әркімнің осал жерлері болады. Біреу үшін отбасы, басқа үшін ақша "ауыр" тақырып. Өзіңіздің осалдығыңызды анықтап, болашақта сол жайлы әңгіме қозғалғанда өзіңізді бірден қолға алып, басқалардың ауыр сөздеріне мән бермеңіз

Дерек көзі: "Массагет" сайты

Егер ашуланып тұрған адамға салқын су шашып жіберсе ашуы басылма? ))))
Негізі ашуыңды анда-санда көрсетіп қойған да жақсы екен (әсіресе жұмыстастарыңа)
+1 дауыс
Ашуыңа тиіп тұрса қалайша ашуланбайсың?!Мінезіңе байланысты көбіне
+1 дауыс
Арсыз бол.......
...