0 дауыс
1.5k көрілді
Сэс мамандығына қанша балл керек

1 жауап

0 дауыс

СЭС (санитарно-эпидемиологическая служба) деген мамандық жоқ. Егер сіз бұл саламен айналысқыңыз келсе Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығын оқи алысыз. Бұл мамандық сырқаттың белгілерін анықтау, аурудың алдын алуға, халықтың денсаулық сапасымен және қатерлі ауруларға қандай вакциналар қолдануға болады, сонымен қатар, еліміздің өмір сүру ұзақтығын қалай жақсартуға болатындығын зерттейтін маман.

Қазіргі уақытта жалпы медицина саласының бакалавриат бөліміне барлығы 2 700 грант бөлінді. Оның ішінде Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығына - 150 грант.

2022-2023 оқу жылындағы гранттар балы Қоғамдық денсаулық мамандығы жалпы конкурс - 137-103; ауыл квотасы - 102- 93 балл аралығында;

Елімізде Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша Қарағанды медициналық университеті (Қарағанды облысы); Семей медициналық университеті (Шығыс Қазақстан облысы); М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті (Ақтөбе облысы); Астана Медициналық университеті (Астана қ.); С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті (Алматы қ.); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.); Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы (Шымкент қ.) қалаларында білім алатын ЖОО бар.

...