0 дауыс
790 көрілді
Салеметсиздерме! Мен ЖОО бакалавр 4курс студентімін. Мен осы ЖОО бітіргеннен кейін КТ тапсырып, ЖОО басқа мамандыққа бакалаврға  грантқа түсе аламынба?Жауап берсеңіздер екен өтініш)) Болатын болса дайындала берин деген едім. Улкен рахмет!

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Ия, болады.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдауды қабылдау комиссиясы 3-25 шілде аралығында жүргізеді.

Талапкер құжатты жеке тапсырады. Бөгде адамдардан құжаттар қабылданбайды.

КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік ЖОО-ның қабылдау комиссиясына және/немесе ақпараттық жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Кешенді тесттен алған балл мөлшеріне қарай біріңғай мемлекеттік білім грантының конкурсына қатысасыз.Егер грантты жеңіп алған жағдайда оқуға түскен оқыту орнынан оқу мерзімінің ұзақтығын талқылай аласыз. 

0 дауыс

Сәлеметсізбе сіз мемлекеттен бір рет грант түрінде оқуды ұтып алсаңыз, онда сіз екінші рет жоғарғы оқу орнын тегін оқи алмайсыз.Жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жоғары білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орнына ақылы негізде қысқартылған мерзімде (2 жыл) оқуға қабылдайды.

...