0 дауыс
354 көрілді
Сәлеметсіздер ме!Мен 2022 жылы бітірдім,және колледжге түстім менеджмент. Пәнімді ауыстрып универге түсу үшін кта тапсыруым керек пе?ктаға қалай дайындалу қажет. Неше пән неше балл болыды кта да

1 жауап

0 дауыс

Кешенді тестілеу (КТА) оқудың күндізгі оқу түрі бойынша:

- өткен жылдар бітірушілерге;

- кәсіби оқу орындарының бастауыш және орта білім беру бітірушілерге (техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі);

- ҰБТ қатыспаған, шет елде оқушыларды алмастыру желісі бойынша оқыған, жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;

- өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытудың жалпы білім беру мектептерін бітірушілерге;

- республикалық музыка мектеп-интернаттарын бітірушілерге;

- сол сияқты шет елдерде оқу мекемесін бітірушілерге жүргізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 9 шілдеге дейін.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін талапкер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына келесі құжаттар тізімін ұсынады.

Кешенді тестілеу 17 шілдеден бастап 23 шілдеге дейін жүргізіледі.

Кешенді тестілеу азаматтың тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде 4 пән бойынша орта білім беру оқу бағдарламасы көлемінде жүргізіледі: міндетті - математика, ана тіл (оқыту тілі), Қазақстан тарихы. Төртінші пән таңдау бойынша(география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ, орыс әдебиеті).

Әр пән бойынша тестік тапсырмалар саны - 25.

Барлық тестік тапсырмалар - 100.

Тестілеу уақыты - 2 сағат 30 минут.

Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке бас куәлігі  (паспорт) және емтиханға кіру рұқсат қағазын көрсетуі тиіс.

...