0 дауыс
27.6k көрілді
Өте қиын болсын жауабымен

1 жауап

0 дауыс
Түп нұсқасы халық аты екі шеткі әрпін қысқартса қазақтың қарты. Жауабы: (Халық аты: Татар ал осы тАТАр сөзінен екі шеткі әрпін алсақ -> Қазақтың қарты: АТА сөзі шығады)

 Ызақор бұғып жатыр, Сақалы шығып жатыр. (жуа)

 Көлді жердің, Үкілі аруы. Өткір желдің, Саз тартар қаруы. Жауабы: Қамыс

Іледе бар,Жайықта жоқ.Түйеде бар,Балықта жоқ жұмбақтын жауабы (Е әріпі)

 Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім. Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді. (орамжапырақ)
*** Жіп-жіңішке денесі, Ортасында шегесі. (қарындаш)
*** Үстіне тігіп көк шатыр, Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)

 ***  Жерде жатып желіндейді, Күз түскенше желінбейді. (қауын)

 *** Көк лағым көгенде жатып семіреді. (Қарбыз)
*** Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (қияр)
*** Ақ құман жүр жүзіп. Су бетін сүзіп. (аққу)
*** Бес қаруы белінде Самғап жүреді көгімде. (бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы. Соны айтып жүреді және жоқ қонысы. (көкек)
*** Талдың басында, жемі бар қасында, Там тұр саялы, достары аялы. (құс ұясы)

 *** Ағайынды бәрі: Шықса-көк, Түссе-сары. (жапырақтар)

 *** Қолы бар, Саусағы жоқ. Мойны бар, Басы жоқ. (көйлек)
*** Ұшады қанатсыз, Зырлайды аяқсыз. (Зымыран)

 *** Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ. Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша. (таба нан)
//erketai.kz/ustazdar-enbegi/jumbaktar-jauabimen/

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
9 жауап
...