0 дауыс
Ең оңай жұмбақ қандай?Жауабымен бірге
Сұрақтың жабылу себебі: Нақты жауап алынды!
24.12.2012 169k қаралым

9 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Бiрi – ағаш кесу құралы,
Бiрi – шырынды бал бұлағы.
(Ара)
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
(Өлең)
Бiрi – ыдысқа керек,
Бiрi – жүрiске керек.
(Аяқ)
Ұрмай-соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
(Пияз)
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
(Тұз)
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.
(Тұз)
Түсi аппақ,
Тысы қатты-ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi-ақ.
(Жұмыртқа)
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.
(Жұмыртқа)
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
(Айран)
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
(Балмұздақ)
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
(Науат)
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
(Құрт)
Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
(Су)
04.02.2013
Көп рахмет сіздерге
көп,көп рахмет
0 дауыс
Ай далада ақ отау
Аузы, мұрны жоқ отау?


(Жұмыртқа;))))
24.12.2012
0 дауыс
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама
                                            (Кітап)
           *
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
                                         (Кун)
           *
Кесе, шыны, пиала –
Оларсыз шай құяма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
                                         (ыдыс)
24.12.2012
0 дауыс
Қабат-қабат қаттама,
 Ақылың болса, аттама
 (Кітап) осы ғой хе-хе!!!
25.12.2012
0 дауыс
сырты қара,іші қызыл,,,ғой хд)))
25.12.2012
0 дауыс
Ти десем тимейді
Тиме десем тиеді
               (ЕРІН)
26.12.2012
0 дауыс
Белi букiр,алыска тукiр (мылтык)
26.12.2012
Белі бүкір , алысқа түкір ( ТҮЙЕ )))
0 дауыс
қара сиырым қарап тұр ,
қызыл сиырым жалап тұр
04.02.2013
0 дауыс
ыстық мезгіл болады балалардың рақаты (жаз)
17.09.2013
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы