0 дауыс
1.0k көрілді

маған тез географиядан ожсб ға дайындық сұрақтарына жауап керек көмектесіңші 

Жауап беріңші

Дүниежүзі суында беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі 

Тез керек

А) күн сәулесі

В) тұрақты жел 

С) литросфералық тақта

В) айдың тұтылуы

Е) жердің айналуы 

Қайсы дұрыс

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Мұхит суының беткі кабаты ғана емес, түбіне дейін де үнемі қоз-ғалыста болады. Оны қозғалысқа келтіретін көптеген себептер бар. Оған тұрақты желдер, Жердің ез білігінен айналуы әсерінен ауытқы-тушы күші, су температурасы мен тұздылықтың айырмашылығы, мұхит табанының жер бедері және материк жағалауларының пішіні жатады. Мұхиттық ағыстар туралы теңізшілер мен саяхатшылар ежелден-ақ білген және оны өз қажеттеріне (кеме қатынасы, шөлмек поштасы және т.б.) пайдаланып келген.

Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғалдың айналысында беткі агыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының аегізгі себебі жел болғандықтан, түрақты желдер мен ағыстардың бағыттары мен жылдамдықтары арасында тығыз байланыс бар. Бұл байланыс әсіресе Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде айқын көрінеді.

Дүниежүзілік мұхиттағы беткі ағыстардың қалыптасуы мен айналымын Атлант мұхитының солтүстік бөлігінің мысалында қарастырайық. Бұл ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат агысынанбасталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы агысты түзіп, судың бір бөлігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Сариб теңізіне жетіп, су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Голъфстримді түзеді. Гольфтрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40°.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыр қай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдерінің әсерінен Солтүстікатлант агысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температуасын жоғарылатады. Сондықтан бұл аудандарда қыс салыстырмалы түрде жылы, ылғалды болады. Ағыс Жаңа Жер аралдары маңына жеткенде, Арктиканың суық суларымен араласып, күшін жояды. Ал қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық сулармен араласып, Канар суық агысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат агысына жалғасады. Осылайша Атлант мұхитының солтүстігінде сағат тілі бағытындағы аса ірі су айналымы пайда болады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де калыптасады. Бұл жүйе Оңтустік Пассат агысы, Бразилия агысы, Батыс Желдері агысы, Бенгел агыстарынан кұралады. Бірақ оңтүстік жарты шарда Жердің ауытқу күші солға бағытталатындықтан, айналымның бағыты сағат тіліне қарсы қозғалады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио агысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтустік Тынық Мұхит агысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумболъдт немесе Перу агысы Бенгел ағысына ұксас. Бұл ұқсастықтар екі мұхиттың да полюстер аралығындағы географиялық орнымен байланысты.

Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардағы ағыстардың қалыптасуы олардың географиялык орнының ерекшеліктеріне қарай басқаша сипатта болады.

Оңтүстік жарты шардың коңыржай белдеуіндегі ашық су айдыны арқылы шеңбер жасап, Дүниежүзілік мұхиттағы ең қуатты суық ағыс — Антарктикалық ағыс немесе Батыс Желдер агысы өтеді. Ол ені 1000-1300 км болатын, 1-5 км тереңдікке дейінгі су массаларын ағатына 3,5 км жылдамдықпен қозғалысқа келтіреді. Осы ағыс аркы-лы дүние жүзіндегі барлық өзендерден бір жыл ішінде ағып өтетін судан 200 есе көп молшердегі су ағып өтеді. Бұл батыс желдерінің өте куатты екенін дәлелдейді.

Дүниежүзілік мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалда-уы мен бөлінуіне зор ықлал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде ісылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылыуына себепші болады. Жылы және суық ағыстар кебінесе қоңыржай белдеулерде түйіседі. Соның нәтижесінде қасиеттері түрліше судың араласуынан мұхит үстінде құйындар пайда болады. Бұл құбылыс мұхиттарға ғана емес, көршілес құрлықтар үстіндегі ауа райына да өсер етеді. Кылы және салқын мұхит суларының түйісу аймақтары Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділіктің жоғары ауданы болып есептеледі. сондықтан кәсіптік балықтар осы аудандарда көптеп ауланады.

...