0 дауыс
31.8k көрілді
Дүниежүзілік мұхит суы, беткі ағыстар туралы мәлімет бере аласыздар ма

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Дүниежүзілік мұхит сулары гидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.

Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.

Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады.

Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура  +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды.

Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Тұздың өте жоғары көрсеткіші-41 промилле.

Мұхит суының тұздылығы 36 промилле мұхит суының қату температурасы   -2С шамасында болады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады.

Мұхит табанынының ең басты компоненттерінің бірі оның суы. Мұхиттың белгілі бір бөлігін алып жатқан  зор көлемді суды су массалары деп атайды. Мұхит пен құрлық арасындағы жылу мен ылғалдың алмасуына беткі ағыстардың маңызы зор. Беткі ағыстардың қалыптасуының негізгі себебі жел.

Ағыстар жүйесі солтүстік-шығыс пассаттың беткі су массаларын батысқа қарай айдауынан түзілген Солтүстік пассат ағысынан басталады. Ол Оңтүстік Американың шығыс жағалауында екіге айырылып, бір тармағы Экваторлық қарсы ағысты түзіп, судың бір болігі шығысқа қарай кері қайтады. Ал Пассат ағысының екінші тармағы Кариб теңізіне жетіп су деңгейін көтереді. Осы беткі су массасы Антиль аралдарын айналып өтіп, Жердің ауытқытушы күшінің әсерінен дұние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс – Гольфстримді түзеді. Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40 с.е. дейін жетеді. Одан әрі су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегін айналып өтіп, қоңыржай және полярлық ендіктердегі судың беткі температурасын жоғарылатады. Қоңыржай ендіктерден қайтқан су массалары  Африка жағалауларындағы тереңнен көтерілетін суық суларға қосылып Канар суық ағысын түзеді. Ол әрі қарай Солтүстік Пассат ағысына жалғасады.

Ірі су айналымы Атлант мұхитының оңтүстігінде де қалыптасады. Бұл жүйе Оңтүстік Пассат ағысы, Бразилия ағысы, Батыс желдері ағысы, Бенгел ағыстарынан құралады.

Тынық мұхитында да осындай ағыстар жүйесі қалыптасады: мұндағы Куросио ағысы Гольфстримге ұқсас, ал Солтүстік Мұхит ағысы Солтүстік Атлант ағысына, Гумбольдт немесе Перуана ағысы Бенгел ағысына ұқсас.

 Дүниежүзілік  мұхитта беткі ағыстар жылу мен ылғалдың тасымалдануы мен бөлінуіне зор ықпал етеді. Ағыстар мұхиттардың батыс бөлігінде жылы суларды полюстерге қарай бағыттап, жоғары ендіктерді жылытады, ал шығысында экватор маңына салқын суларды алып келіп, жылынуына себепші болады.

Гольфстрим ағысының пайдасын сезирип отырган мемлекнттер??) Осы сурактын жауабын тауып бере аласыздар ма?) Тезрек
...