0 дауыс
25.1k көрілді
Мұхит қозғалысының түрлері керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Толқындар. Дүниежүзілік мұхиттың беті үздіксіз қозғалыста тербелмелі және ілгермелі қозғалыстар жасайды. Әдетте, толқындар желдің әсерінен пайда болады. Жел соға бастағанда теңіз үстінде толқын көтеріледі. Толқын көтерілген кезде теңізге қарасақ, толқындар жарысып бара жатқандай көрінеді. Осы толқандардың үстінде қалқып жүрген нәрселердің орындарын өзгертпей, біресе жоғары көтеріліп, біресе төмен түсіп тұрғанын байқайсыңдар. Толқындағы судың бөлігі бір орында ғана толқу қозғалысын жасайды. Жағаларда толқындардың жылдамдығы бәсеңдеп, олардың биіктігі артады. Бір жерлерде теңіз толқындары жағаны бұзады, ал басқа жерлерде осы бұзылған заттарды шөктіріп, көлемі үлкен құмды немесе малта тасты қайраң түзеді.

Цунами – көлемі өте үлкен толқындар, олар желдің әрекетінен емес, су астындағы өте күшті жер сілкінуінен пайда болады. «Цунами» – жапон сөзі: «цу» – қойнау, «нами» – толқын  деген мағынаны білдіретіндіктен, жер сілкінуден немесе су түбіндегі жанартаудың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды.

Толысу мен қайту құбылыстары. Жел жоқ, судың беті тып-тыныш болса да, теңіз деңгейі өзгереді. Теңіздерде су деңгейі тәулігіне екі рет көтеріледі және екі рет төмендейді. Жағалаудан қарағанда теңіз тыныс алатын сияқты болып көрінеді. Бұл – толысу мен қайту құбылыстары.

Су толысуның маңызы. Су толысуының кеме қатынасы үшін үлкен маңызы бар, өйткені бұл кезде теңіз кемелері өзен бойымен ондаған километр жоғары көтеріле алады. Судың толысуы мен қайту уақытын дәл білу үшін кестелер жасалады. Кестелер бойынша кемелердің капитандары су толысуының биіктігі мен дүниежүзінің әртүрлі портты қалаларында оның уақытын анықтайды.

Ағыстар. Желдің әрекетіне толқындар ғана емес, күшті су ағыны – ағыстар пайда болады.

Гольфстрим ағысы Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлай, 40º с.е.-ке дейін жетеді, су массаларының негізгі тармағы қоңыржай ендіктегі тұрақты соғатын батыс желдері әсерінен Солтүстік Атлант ағысына айналады. Бұл ағыс Скандинавия түбегі мен қоңыржай және полярлық ендіктерді айналып өтетіндіктен, судың беткі температурасы жоғарылайды. Сондықтан бұл аудандарда қыс салыстырмалы түрде жылы және ылғалды болады.

Мәліметтер ашық ақпарат көздерінен алынды.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 13.10.2021 География сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...