0 дауыс
900 көрілді
Мен бір қызды ұнатып қалып едім. Онымен тек интернет желісінде ғана араласамыз, бірақ қатты емес. Ал шынайы өмірде екеумізде ұялшақ болғандықтан адамдардың көзінше сөйлесе алмаймыз. Мен оны 1-2 кездесуге шақырған едім, бірақ ол келе алмады. Біреуінде ұялды, ал біреуінде шындапта келе алмады. Былай ол менің статусымтарымды әр кезде қызықтыларың соңына дейін қарайды. Ол иманды жігіттерді жақсы көреді. Өзіндеде дінге деген қызығушылығы оянып келе жатыр. Қысқасы енді не істесем болады. Онымен біраз сырласып бірақ,  сезімімді білдірсем дұрыс болама? Әлде сразу сыйлық сыйлап қуантып сезімімді білдіремба?  Өтінем жауап жазып жіберсеңіздер өтініш

3 жауап

0 дауыс
Өз жүрек қалауыңды жаса, бастысы басқаға зияның тимесе, және ол сезім сенің болашағыңа зиян келтірмесе( оқып, жетіліп, өмірден өз орныңды табуға кедергі болмаса болды.)

Есте қаларлықтай сыйластықпен араласу кейін еске алғанға да жақсы шығар, бастысы оған және өзіңе зиян тигізбе.
0 дауыс
Сезім білдірмей-ақ алдымен бетпе-бет кездесіп кино көруге, паркте қыдырып дегендей әрекет жасап көр. Сол кезде сыйлық сыйлай аласың. Сыйлықты міндетті түрде сезім білдірмей -ақ жай бір нәрсені сылтауратып айтып жақсы әзіл айтып білдіріп көр.
0 дауыс
Жүре бермей, сезіміңізді айтыңыз. Кейін,өкінесіз. Себеьі,оған қазір көзі түсіп жүргенлер,жүрегін жаулап алады. Бір сөзбен тормоз боп қалмаңыз. Басыинан өтті, әбден мен тұрмысқа шығып,екі балалы болғанша, ең бірінші сүйген қызым,сені армандап жүретін едім деп тұр. Олда үйленген,балалы,шағалы...бірақ бәрі кеш...
...