0 дауыс
4.7k көрілді
Пжпжпжпжпжпж пжпжпжпжпжпж пжпжпжпжпжпж пжпжпжпжпжпж пжпжпжпжпжпж пжпжпжпжпжпж

1 жауап

0 дауыс

Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)

 Деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, батысында қаңлымен, олңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды». Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған » деп жазылған.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндер басшысын «гуньмо» (күнби) деп атаған. Гуньмолардың жасағы отыз мың атты әскерден тұрған. Оған «бек»деп аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.Үйсін қоғамы біркелкі болмаған. Тайпа мен ру басшылары, байлар, жауынгерлер мен абыздар және қатардағы қарапайым бұқара халық малшылармен егіншілерден тұрды.Мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданған үйсіндер қоғамында әлеуметтік және мүліктік жіктелу орнығып ,теңсіздік қалыптасты. Мал жеке меншікке қарады. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі – ентаңба басып, ен салған. Әскери қолбасшылар, ірі байлар алтыннан, қоладан жасалған таңба ұстаған, дәрежесі төмендердің тастан, сазбалшықтан жасалған таңбалары болған. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Кейбір ауқатты бай үйсіндер құл еңбегін де пайдаланған. Құлдар негізінен соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды.Дәулетті адамдардың киімдері көбіне жібектен, не басқадай қымбат матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар арзанқол матадан не қой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да қараған. Байлар: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обалар бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған. 

...