0 дауыс
3.5k көрілді

Кельттер мен германдыктардын қоғамдық құрылысы мен шаруашылығын салыстырып сипаттама беріңдер

1 жауап

0 дауыс

Герман тайпаларының қоғамдық құрылысы және дамуы.

Юлий Цезарьдың «Галль соғысы туралы жазбаларындағы» және онымен замандас басқа антиктік авторлардың шығармаларындағы деректер германдықтардың біздің заманымызға дейінгі І ғасырдың орта кезінде тайпалық құрылыста өмір сүргендігін дәлелдейді. Әр түрлі герман тайпаларының қоғамдық даму деңгейі біркелкі болған жоқ. Бір қатар тайпалар, әсіресе Солтүстік Германия мен Ютландияда, сол кездің өзінде – ақ отырықшы өмір сүрген. Бұл тайпалардың шаруашылығында егіншілік басты роль атқарды. Жер өгіз жетілген соқамен өңделіп отырылды. Біздің заманымыз басталғанға дейін – ақ германдықтарда жеңіл доңғалақты соқа қолданылған. Кейбір герман тайпалары біздің заманымызға дейінгі І ғасырда ие болған территорияға түбегейлі отырықтанған жоқ, бұл ішінара Цезарь соғыс жүргізген германдықтарға қатысты. Оларда римдік қолбасшының байқауына қарағанда, мал шаруашылығы мейлінше маңызды болған. «Олар егіншілікпен оншама ынта қойып шұғылданбайды, - деп жазды Цезарь – және негізінен сүтпен, құртпен және етпен қоректенеді». Герман тайпаларының жер өңдеу мәдениеті сол кездегі римдік жер өндеу мәдениетінен анағұрлым артта болғанымен, Цезарь жазып отырған тайпаларда да маңызды роль атқарған. Мұндай тайпалардың қоныс аударуы тіпті де номадтардың әдеттегі көшпенділігі емес еді. Олардың оқтын – оқтын ілгері қарай жылжып отыруы жаңа жерге деген мұқтаждықтарынан еді, бұл егіншіліктің экстенсивті сипатымен байланысты болатын. Германдықтар да, қоғамдық дамудың дәл сондай сатысында тұрған басқа тайпалардағы сияқты, бұл кезде көбінесе егіншіліктің тыңайту жүйесі қолданылды. Мұндай жүйе жағдайында құнарлылығын қалпына келтіру үшін жердің едәуір бөлігін ұзақ уақытқа тыңайтуға тастап, жыртылатын жер учаскелерін үнемі ауыстырып отырды.

Германдықтар деревня – деревня болып қоныстанды, оларда әдетте рулық қауымдар тіршілік етті, дұшпандарының қорғану үшін, олардың балшық дуалдары мен тосқауылдары бар бекіністері болды.

Германдықтардағы негізгі шаруашылық ұясы қауым болды. Маркстік – лениндік тарих ғылымы қауымының бір ізділікпен бірін – бірі алмастырған үш: 1) қандық – туыстық, 2) егіншілік және 3) көршілік формасы болғанын ажыратады. Цезарьдың кезінде германдықтарда қандық – туыстық қауым өріс алған болатын. Ол үшін коллективті өндіріс пен барлық жерге колективтік меншік тән болды. Қауымның мүшелері жерді бірлесіп өңдеп отырды, жер жыл сайын (немесе бірнеше жылда бір рет) рулар – сол тайпаның қан жағынан туыс бірлестіктері арасында – қайта бөлініп отырылды. «Және олардың ешқайсысының – дейді Цезарь германдықтар туралы – дәл өлшеп берілген жер учаскесі немесе жеке меншік иелігі жоқ; бірақ лауазымды адамдар мен ақсақалдар руларға және бірге тіршілік ететін туысқандардың топтарына қандай және қанша жер беруді лайық көрсе, соның сонша жерді бөліп беріп отырады, ал бір жылдан кейін оларды басқа орынға кетуге мәжбүр етеді».

Мұндай шаруашылық жүйесіне әлеуметтік құрылым да, басқару ұйымы да сәйкес болды. Германдықтарда топтарға бөлу болған жоқ. Оларда мемлекет те болған жоқ. Цезарь : «Бейбіт кезде тайпалардың ортақ мемлекеті жоқ» - дейді. Әкімшіліктің органы болып халық жиналасы саналды, оған қару – жарақ асынуға праволы барлық ересек еркектер қатыса алатын еді. Ру ақсақалдары негізінен сот қызметін орындады. Соғыс кезінде әскери бастық сайланып отырылды. Соғыс герман қоғамының өмірінде тіпті өте маңызды роль атқарды. Кейбір герман тапалары бұл кезде өзіне басқа тайпаларды бағыныдырып, оларды алым төлеп тұруға мәжбүр етті.

Біздің заманымыздың І ғасырының соңына германдықтар қоғамдық дамуының деңгейі туралы римдік тарихшы Тациттың «Германия», «Анналдар» және басқа шығармаларының негізінде, сондай ақ археологиялық ескерткіштер бойынша пайдалауға болады. Цезарьдың уақытынан бері өткен жарым ғасыр ішінде германдықтардың қоғамдық құрылысы елеулі өзгеріске ұшырады: германдықтар отырықшылдыққа түбегейлі күшті, егіншілік деңгейі де өсті.

Біздің заманымыздың І – ІІ ғасырында темір түрінде соқа таралды. Германдықтар сонымен бірге арпа, бидай, қара бидай, сұлы секілді ауыл шаруашылық дақылдарын, сондай – ақ көкеністер (шалқан, пияз), бұршақ тұқымдастар (жасымық,бұршақ) мен техникалық дақылдарды (зығыр, сора, вайда) өсірді. Жер өңдеу мәдениетінің жақсаруы кейбір жерлерде тіпті миниралдық тыңайтқыштардың (топырақтың ізбесендіру) қолдануынан да көрінді. Бірақ егіншіліктің үлес салмағын арттыру кезінде де шараушылықта мал өсіру маңызды роль атқара берді. Мүйізді ірі қара мал (өгіздер) – ауыл шаруашылық жұмыстары үшін, жылқы, негізінен әскери қажетті мен жүк тасуға пайдаланылып отырылды. Ірі қара мал – сүт өнімдерін, ет, тері, ұсақ мал – оған қоса жүн беріп отырды. Кісі өлтірушінің туыстарынан өлген адамның туысқандары алатын вергельд (құн) – малдай төленіп отырылды. Мал сонымен бірге қатардағы қауымдастардың ақсақалдарға беретін сыйлықтарының құрамына, күйеудің қалындығына беретін некелік сыйлығына енетін.

Толығырақ: https://netref.ru/penni-ou-edistemelik-kesheni-ortafasirlar-tarihi.html?page=9

...