0 дауыс
302 көрілді
Күн энергиясымен жүретін электроавтомбильдің әлеуеті.
Жанармайдың таусылуы электроавтомбильдің дамуына сұранысты арттырып жатыр.
Статистикаға назар аударатын болсақ жанармайдың бағасы соңғы 25 жылда 8 есеге қымбаттағанын көреміз. Бұл дегеніміз алдағы тағы 20-25 жылда сәйкесінше жанармай бағасы 6-8 есеге қымбаттайды деген сөз. Бір мысал алатын болсақ 1 литр АИ-92 маркалы бензиннің бағасы алдағы 20 жылда 1300-1400 теңгеге жетсе,бұл отынның  тиімділігі бағасына сай келмейтіні айдан анық екенін білеміз. Бұған тағы бір дәлел мұнайдың қоры сарқылуы, оның азайған сайын тұтынушылардың арасында талас болып, бағасының шарықтауы байқалатын болады.
Осы мәселені шешу барысында электроавтомбильдерге көшу, оларды шығару көлемін арттыру, тиімділендіру өте өзекті мәселе.
Тиісінше автокөлік қажетті энергиясын тікелей күннен алу үшін күн панельдерін шатырына орналастыру арқылы қуатты күн сәулесінен тұтынады. Қазіргі таңдағы бұндай автокөліктерді әлемдік деңгейдегі ойып тұрып орын алған TOYOTA, HYUNDAI, TESLA сынды алпауыт компаниялар шығаруда.
 Күн панельдерінің ең тиімдісі пайдалы әсер коэффициенті 20-25%, бұл көлік шатырында күн панельдерінің максимум өндіретін қуаты 1000Вт құрайды. Шамамен осындай энергия өндіретін электроавтомбиль күніне 10 км, жылына 3000 шақырым жүруге жеткілікті болады. Күн панельдерінің пайдалы әсер коэффициентін көтеру   жүру қашықтығының артуымен тікелей байланысты.
Болашақта осы салаға қаржы бөлінсе болашағы бар бағыт екені рас.

Қазақ ұлттық университетінің магистранты Қоңыратбай Елбасы.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...