0 дауыс
1.3k көрілді
Қазақстанның бүгінгі таңдағы қолданып отырған саясатының болашағы қандай болуы мүмкін:
1)  Болашақта Қазақстан толығымен өз мұнайын және басқа да жер байлықтарын өзі игеріп Қазақстан жеріндегі шетел компаниялары мен корпарацияларын ығыстырып шығарады және соның арқасында халықты жұмыспен қамту 70-80 пайызға өсіп, еліміздегі әлеуметтік ахуал 3-4 есе жақсарады.
2)  Қазақстанның ішкі саясатына ІРІ державалардың сонымен қатар діни секталардың ықпал етуі салдарынан елдің ішкі саясатының формасы өзгеріп, әлеуметтік толқуларға ұласуы мүмкін.
3)  Президентіміздің алға қойған мақсаттары орындалып, елімізді кемелді болашақ күтуде.

     Немесе өз пікіріңізді білдіре кетсеңіз?

5 жауап

+1 дауыс
Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл қолданып отырған саясаты өте жақсы, болашаққа,келер ұрпаққа деген білім алуға көптеген мүмкіндіктер беруде. Осы жақында 50 елдін қатарына кірдік,енді елімізді гүлдемдіріп, білімді жастарды көбейтсек 30 елдін қатарына кіреміз болашақта.
0 дауыс
Қандай боларын айту қиын,мен ғана емес  барлық қазақстандар бірінші  бағытты қалар еді...
0 дауыс
Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саясаты ешкімге қарсы шықпай қақтығыс болдырмай ебін табып басқаларды ығыстыру. келесі президент осылай жалғастырса жақсы болар еді.
+1 дауыс
Мен өзімнің жеке кішкентай компаниямның саясатын түсіне алмай жүрмін: теріс жасап келемін бе, дұрыс па, осындай сұрақпен басы қатып жүрген адам мемлекет саясаты туралы бірдеңе деп қалуы сіздіңше дұрыс па?
0 дауыс
Болашақты кім болжап білер дейсіз?! Бәріміздың ортақ тілегіміз іргеміздің берік, ел ішінің тыныш болғаны ғой. Жаһандану заманында, барлық елдің экономикасы "еркін сауда" деген бір тайқазанда қайнап жатқан заманда, шетелдік компаниялардың түгелімен ығыстырып шығару тым жақсы шешім емес. Тек олардың біздің елдің заңына бағынып, азаматтарымызды жұмыспен қамтуға мәжбүрлеу керек. Олардың бәрі кетіп қалса, Қазақстанның өнеркәсібі өркендеп кетеді деген сөз емес. Отандық кәсіпорындар ашу өз алдына бөлек мәселе. Батыстың саясатын түгел теріске шығаратын Аспан асты елінің өзі, Батыс елдері жасаған сауда-экономикалық жүйе аясында дамып отырған жоқ па?! Қазіргі таңда оқшаулану бізге еш пайда әпермейді деп ойлаймын. Елбасымыздың көп векторлы саясаты жалғаса берсін! Елбасымызға ұзақ ғұмыр берсін!

Ұқсас сұрақтар

...