Мадия руы қай жүзге жатады

0 дауыс
1.3k қаралым
Мен Мадия руынанмын ол қай жүзге жатады
• Санаты: Жалпы сұрақ

1 жауап

0 дауыс
Мадиярлар — Орта жүздің арғын, қыпшақ тайпасының құрамындағы ру. Тоқал арғын жауғашты ұрпағынан — алдияр, мадияр, құдияр тарайды. Мадиярлар

ақбар

айтқұл

боз

абыз

шеру

қаламбет деген 6 атаға бөлінеді.

1843 ж. Орынбор ведомоствосының дерегі бойынша құрамында 375 шаңырақ бар арғын-мадиярлар Торғай өзен бойын мекендеген. Ы.Алтынсариннің дерегі бойынша Сарықопа болысында 1869 ж. 277 мадияр отбасы болған. Ал қыпшақ-мадиярлар Ақмола округінде (55 отбасы) тұрғандығы архив деректерінде сақталған. Қыпшақ-Мадиярлар:

сүлімалып

көбікқалық (ақ көбік),

мүйізді сарыабыз

құлан қыпшақ

бұлтың

орыс

төбет болып таралады.

Мадиярлардың дені Торғай өңірін, Ертіс бойын (Омбы, Кереку) және Ақмола аймағын мекендеген.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
9.05.2021 • Санаты: Тарих сұрақтары Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
+2 дауыс
14 жауап
0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
8 жауап
10.08.2013 • Санаты: Жалпы сұрақ Белгісіз сұрақ қойды
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы