0 дауыс
3.2k көрілді

Байқоңыр ғарышайлақ ренжіп қалдың ғой жаным менің жүрегім менің жүрегім менің жүрегім yes

1 жауап

0 дауыс

1961 жылы ғарышқа ұшқан ең алғашқы адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшып, тарихта үлкен ізін қалдырды. Бұл ғарыш айлағы 1955 жылы Қызылорда қаласы Қармақшы ауданында құрылды. Алғашында ғарыш айлағы КСРО-ның бастауымен соғылған. Елімізде орналасқан Байқоңырдан 1957 жылы дүниежүзіндегі ең бірінші жердің жасанды серігі жіберілді. Сол үшін де бұл ғарыш аймағының біз үшін алатын орны ерекше.

Әлемдегі ең бірінші, әрі ірі ғарыш айлағы болып табылатын Байқоңыр соғылмай жатып арнайы факторлар ескерілді. Ол экватор жазықтығына жақын, сонымен қатар ракета ұшыруға қауіпсіз жер болып табылады. Және ғарыштан оралған объектілер үшін де қолайлы. Мұнда ғарышқа сапар шегуге барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Осы ерекшеліктерінің арқасында ол бүкіл әлемде ең мықты ғарыш айлағының бірі болып табылады. Ракета тасығышқа арналған арнайы тұғырлар мен энергия, сумен қамтамасыз ететін жүйелер де бар. Байқоңырдан орбитаға осы кезге дейін 130-дан аса ракета ұшырылды. Жасанды серіктерді жіберу арқылы адамдар күнделікті өміріне қажетті ақпараттарды  алады. Байқоңырдағы 15 негізгі кешеннің 9-ы зымыран ұшыруға арналған. Ал қазіргі таңда Байқоңыр Ресейге жалға берілген. Бұл шешімді Н.Ә.Назарбаев 2004 жылы 9-10 қаңтарда қабылдады. Ресей Байқоңырдағы құралдардың жағдайын сақтау және қамтамасыз ету үшін 1,5 млрд рубль жаратады, бұл оның Роскосмос бюджетіне кетіретін 4,2%-ын құрайды. Жалға беру туралы келісім шарт 2050 жылы аяқталады. Соңғы жылдары Қазақстандағы ғарыш айлағы үлкен экологиялық мәселелер туындатып жатыр. Біздің жерімізге кешеннен жылына 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Жиі ұшырылатын ракета қалдықтарынан  Шығыс және Орталық Қазақстан аймақтары ластануда. Улы газдар жаһандық жылынуға алып келуі мүмкін, сонымен қатар қышқыл жаңбырдың жаууына да әсерін тигізеді. Массалары үлкен зымырандардың жанармайларынан шыққан улы токсинді химиялық заттар жақын аймақтарға таралады. Бұл токсинді бөлшектер жануарларды әртүрлі аурулар мен патологияларға әкеледі. Онымен қоймай зымыран ұшырылғаннан кейін жақын аймақтарда ауа-райы бірден өзгереді. Температура төмендейді, боранды қатты жел соғады.

Республика аумағындағы 47 аймаққа зымыран қалдықтары түседі.

Апаттарға келетін болсақ:

1996 ж. 14 мамыр – «Союз» зымыран тасығышы құлады.

1997 ж. 20 мамыр – «Зенит» зымыран тасығышы құлады.

1999 ж. 5 шілде – «Протон» зымыран тасығышы құлады.

1999 ж.  – «Протон» зымыран тасығышы құлады.

Байқоңыр ғарыш айлағының біздің еліміз үшін рөлі ерекше. Дәл осы жерден ең маңызды адамзат өміріндегі жаңалық ашылды.  Алайда бұл кешеннің пайдасымен қатар зияны да бар. Бұл зардаптар жыл сайын біздің экологиямызға әсерін тигізіп жатыр. Мұндай күрделі, әрі маңызды мәселелерді шешу үшін, әрине, мемлекет тарапынан көмек керек. Келтірілетін экологиялық мәселелерге көз жұмып қарауға болмайды. Зардаптардың шешу жолдарын таба алсақ, Байқоңыр бізге тек пайдасын алып келетін болады. Ал шешу жолы табылмаса, онда бұдан да қауіпті қатерлерге алып келеді.

Толығырақ: https://martebe.kz/baj-o-yr-arysh-ajla-yny-pajdasy-men-zijany/

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
2 жауап
Белгісіз 14.11.2014 Мектеп сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...