0 дауыс
834 көрілді
Күзгі балл үшін ән керек. Қандай әндер бар? Аттарын жазып жіберіңіздерші

1 жауап

0 дауыс

Қай кезең болмасын, ақын-жазушылар жыл мезгілдеріне байланысты өлең жазып, музыка шығарып отырғандығы белгілі. Сондай туындылардың бірден-бірі төрт концерттен құрылған Антонио Вивальдидің «Төрт маусым» деп аталатын еңбегі.

Біздің қазақта да жыл мезгілдеріне байланысты әндер, өлеңдер өте көп. Бүгін «Екпін» журналы жылдан жылға ән қоржынымызды толтырып келе жатқан эстрада әндерінен рэп стиліне дейінгі меломандар мен қарапайым тыңдарман арасында танымалдылыққа ие он күзгі қазақ әнінің тізімін жарияламақшы.

«Күрең күз» — «Ән әлемінің Ақбаяны» атанған Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиеваның орындауындағы ән.

«Күзгі бақ» — МузАрттың орындауындағы бұл әнді елімізде естімеген жан жоқ шығар. 2009 жылы жарыққа шыққан «Күзгі бақ» әні сол жылдың да, бүгіннің де күзгі хиттарының бірі.

«Күзгі жаңбыр» — мұңды махаббат тақырыбын жиі көтеріп, тыңдармандарының жүрегіне жол тапқан Ғаділбек Жанайдың «Күзгі жаңбыры».

«Париж-күз» — «О, махаббат» әнімен танылған «Меломен» тобының махаббат жайындағы кезекті жыры.

«Күзгі қайың» — Қайрат Нұртас пен Қарлығаш есімді арудың орындауындағы ерке күз туралы әдемі ән.

«Күзбен сырласу» — Айгүл Иманбаеваның орындауындағы күздің соңғы күніне арналған ән. Бұл ән жастардың рингтонына айналмаса да, құлаққа жағымды, мәнді ән ретінде көпшілікке таныс.

«Жаңбырлы күз» — өнер жолын «Сағнұр» тобының құрамында бастап, бүгінгі күні өзінің жеке шығармашылығымен айналысып жүрген Әлия Әбілқайырдың орындауындағы әсем ән.

«Көптен күткен күз» — қазақ рэпінің дамуына өзінің үлесін қосып жүрген Жақау «Смерчтің» жыр жолдары.

«Күзгі дауыл» — бұл қазақ эстрадасының жарық жұлдыздарының бірі Сырым Исабаевтың орындауындағы кезінде біразға дейін ұялы телефондарды шырылдатқан ән.

«Күз» — 9 тілде, әрі түрлі бағытта және тек «жанды» дауыспен ән салатын вокалды инструментальді Kazrock тобының орындауындағы ән.

Толығырақ: https://yvision.kz/post/295989

...