+3 дауыс
13.3k көрілді
Менин сол иыгымда 3 кал , ушбурыш тариздес, ретимен бирдей кашыктыкта орналаскан жане де ушбурыштын тобеси жогаы карай.Cурайын дегеним,мунын кандай да бир магынасы бола ма.

3 жауап

+4 дауыс
МАҢДАЙДАҒЫ  қал иегерінің дипломатиялық, мемлекеттік жұмысқа, политолог болуға әбден икемі бар көрінеді. Және бұл жандар болмашыға бас қатыра қоятындардың қатарынан емес.

КӨЗ  айналасындағы меңдер нәзіктік пен мейірімділікті меңзейтін көрінеді. Мұндай қалы бар жан тірі жан иесіне тек жұмсақтықпен, жылылқпен тіл қатады екен.

 ЖАҚтағымең ол адамның тым шешім қабылдағыш, тәуекелшіл екенін меңзейді. Және өз ортасында беделді әрі тілге шешен жанның белгісі деп қабылданады.

ҚҰЛАҒЫНДА  меңі барлар тым мақтаншақ жандар екен. Өз сөзінде тура алмайтын адамдардың көбінің құлағында мең бар көрінеді.

МҰРЫНДАҒЫ  қал мінезінің жайлы әрі ол жанның әзілге жақын екенін білдіреді.

ОҢ ҚАСтағы  қал ерте некені білдірсе, СОЛ ҚАСтағы қал,  керісінше, кеш әрі сәтсіз некені білдіреді-міс.

ТӨМЕНГІ ЕРІН  айналасында орналасқан мең нәзік мінез бен денсаулықтың әлжуаздығын көрсететді.

Ал ҮСТІҢГІ ЕРІН  айналасындағы қал адамның қатал, өктемшіл екенін меңзейді. (инт алынған)...:)

Дәрігерлер бүгінгі күнге дейін адам денесіндегі мең мен қалдың 300-дей түрін анықтаған. Бір кездері әйелдер меңді сән көріп, өздерінде болмаса, қолдан жасап алатын болған. Ал қазіргі кезде денедегі әрбір даққа дәрігерлер ғылыми тұрғыдан қарайды. Қал медициналық тілде «теріде пайда болатын пигментті невус» деп аталады. Қатерлі емес ісік түріне жататын мең немесе қал кейде асқынып, қатерлі ісікке де айналуы мүмкін. Жаңадан туған балада мең өте аз болады. Әдетте мең жасөспірім кезде көріне бастайды. Сондай-ақ ағзада гормондық өзгерістер болғанда, мысалы, әйелдің жүктілік кезінде денеде қара дақтар немесе мең пайда болады. Денсаулыққа қатер төндіретін, зиянды ісікке айналатын меңдер өте сирек кездеседі. Дегенмен «сақтанғанды сақтаймын» дегендей, абай болу керек. Егер денеңіздегі меңнің түсі өзгеріп, көлемі ұлғайса, ертерек тері дәрігеріне қаралыңыз. Бірақ ешқашан өздігіңізбен меңге, қалға тиіспеңіз. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне құлақ түріңіз. Дәрігерлер сізді алаңдатқан меңді мұқият тексеріп, денсаулығыңызға залалы келмейтіндей әдіс қолданады. Заманауи медицинадағы ең үлкен жаңалықтардың бірі – лазер. Бүгінде меңді осындай лазерлі радиотолқындар арқылы алып тастауға да болады.(wait)
0 дауыс
Көзімнің қарашығында қалы бар. Бұл нені білдіреді
0 дауыс
Құлағында қалы бар адамдар қызғаншақ болады

Ұқсас сұрақтар

...