0 дауыс
35.1k көрілді
Адам денесіндегі суықты қалай шығаруға болады?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
– Суықтан пайда болған ауруға не істейсіз?

– Полиартрит, бруцеллез маза­лай­­тын науқас жанның денесіне тү­гелдей кәдімгі балға қосылған емдік шөптің шырынын жағамын. Сосын науқасты клеенкамен орап тастау қажет. Белгілі бір уақыт өт­кенде ау­ру қара терге тү­седі. Мұндай тәсіл де­неден суықты, тұзды және хо­­лес­теринді айдап шы­ғарады. Бірақ бұл ем түрі кез-келген адамға қолда­ныл­майды. Себебі әр адамның ден­сау­лығы әртүрлі бола­тынын ескер­ген жөн. Мен алдымен науқастың қан қысымын тек­серемін. Жүрегі де на­зардан тыс қалмау керек. Қант диабетіне шалдыққан ба, ол жа­ғын да ескермесе, бал арқылы тер­лету ауруға кері әсерін тигізуі мүмкін.

http://zamana.kz/index.php?option=com_content&id=3886:boydagi-suik&catid=1:latest-news&Itemid=62

Суық тигеннен жөтел және түрлі аурулар пайда болып жатады. Егер сізді жөтел қатты қысса, ыстық сүтке бір шай қасық бал салып ішіңіз. Ал жас балаларға інжірдің тұнбасын сүтпен ішкізген пайдалы.

Ангина басталып келе жатқанда жарты лимонды қабығымен қоса асықпай шайнау керек. Бұдан соң бір сағат бойы лимон қышқылы  тамақтың шырышты қабатына әсер ету үшін ештеңе жемеу керек.

Салқын тиіп, жөтел пайда болса, көкірегіңізді құрғақ шүберекпен сүртіп, ерітілген (топленного) май жағыңыз, егер қайың майы болса, оны қосып жаққаныңыз жөн.  Төменде жөтелге қарсы түрлі тұнбаларды ішуді ұсынамыз.

* 10 шақты ұсақтап туралған бадана мен 1 бас сарымсақты жұмсарғанша табиғи сүтке қайнатып, азғантай бал мен жалбыз қосыңыз. Қабылдау мөлшері: күніне бір мезгіл ас қасық.  

* 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық бидай ұны,  2 шай қасық таза балды 2 ас қасық табиғи  маймен араластырып, күніне бірнеше рет бір шай қасықтан ішіңіз.

* Тұрын (редька) немесе сәбіз шырыны мен сүтті бірдей мөлшерде алып, балмен араластырып, күніне алты рет 1 ас қасықтан ішіңіз.

* 1 тұрынға 10 грамм бал қосып қойып, 12 сағаттан соң пайдалануға болады. Қабылдау мөлшері: күніне 4-5 рет 1 шай қасықтан.

* 2 ас қасық май, 2 жұмыртқа сарысы, 1 шай қасық ұн, 2 шай қасық балды араластырып, күніне 3-5 рет тамақтанар алдында қолдану  керек.

Жөтел қысып, мазаңызды алса, мынадай ерітінділермен тамағыңызды шайыңыз:

* Шалқанның қайнатылған шырынын қант немесе  балмен (бал қолдану дұрысырақ)  қосып шайыңыз.

* 1 стакан жылы суға 1 шай қасық тұз, жарты шай қасық ас содасы, 2-3 тамшы йодты қосып шайыңыз.

* Мүк жидек (клюква) шырынын сүтпен қосыңыз.

* Қызылша шырынымен шаю үшін оны ұсақ үккіштен  өткізіп, шырынын бөліп алып, 1 стакан шырынға 1 шай қасық асханалық сірке суын қосып, күніне 5-6 рет шайыңыз.

* 100 грамм ұсақталып туралған сарымсаққа 100 мл.  қайнаған су құйып, аузын мықтап жауып, 5-6 сағат бөлме температурасында суытып қолданыңыз.

* 1 стакан қайнаған суға жолжелкеннің (подорожник) 4  құрғақ немесе жас жапырағын салып, жарты сағаттан соң қолдануға болады. Бұл тұнбамен сағат сайын тамағыңызды шайыңыз.

http://kz.zaman.com.tr/kz/newsDetail_openPrintPage.action?newsId=54384
Мен күніне бір-екі рет қатты түшкіріп қаламын көзімнен жас аққанша, сол мазалайды. Сосын суық салқын су, немесе балмұздақ жесем басым бірден ауырады. Оны өзім де сеземін суықтан болатынын бұны қалай емдеу керек? Бұл суықтан болатын аллергия емес па???
Егер суықтан аллергия болса, онда адам бетіне қызыл дақтар пайда болады және көлемі әртүрлі болады. Толығырақ осында....http://soltustikkaz.kz/index.php?option=com_content&view=article&catid=28:densaulik&id=9793:2014-01-06-12-09-33&Itemid=36
Қызыл дақтар жоқ. бетім қалыпты жағдайда.
Негізінде адам организімі қатты суық пен қатты ыстықты бірден қабылдауға болмайды, мұндай жағдайда адамның кейбір дене бөліктері ауырады. Балмұздақ пен салқын суды жылытып (жеп) ішкеніңіз жөн!!!
Арқама шаншулар қадалып, желкем, иықтарым 4-5 жыл бойы ауыратын.қазір өзінен өзі жазылып, ұмытылып кетті.
Үлкен рахмет біраз пайдалы кеңестеріңізді алдым!!!
0 дауыс
Балды денеге жағу үшін қандай шөп қосады?АлЛа разылығы үшін жуаб жазсаңыздар

Ұқсас сұрақтар

–1 дауыс
5 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...