0 дауыс
360 көрілді
напсиге карап турып Аль Азиз деп айтыныз  деген. Соны тусинбей турмын
Сұрағыңызды толықтырып жіберсеңіз.

1 жауап

0 дауыс
Нәпсі дегеніміз не? Адам шынайы мұсылман болуы үшін оны өлтіру керек пе, әлде тәрбиелейді ме? Нәпсі - ол біздің болмысымыз. Адам тіпті жәннатқа да сол нәпсімен кіреді. Демек, нәпсіден бүтіндей құтылуға немесе өлтіріп, жоқ етуге болмайды. Өйткені, нәпсі - ол өзіміз. Нәпсіні тек тәрбиелеу қажет. Көбінесе, нәпсі жаман қасиеттерге бейім. Тәрбиесіз нәпсі жалқау, еріншек келеді. Нәпсі бейне бір түйеқұс тәрізді. Мына жүкті көтер десе, мен түйе емеспін, құспын дейді. Жарайды, ендеше ұш десе, жоқ мен ұшатын құс емес-пін, түйемін дейді. Нәпсіге ерік берілсе, ол үнемі жауапкершіліктен қашумен болады.
...