0 дауыс
10.3k көрілді
Біреудің елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дейди ғой. Ұлтан кандай мағынаны білдіреді?

6 жауап

0 дауыс
ҰЛтан ол аяққа салатын ҰЛТАРАҚ
0 дауыс
Ұлтан. Қазіргі түсінігімізде — аяқ киімнің табанына салатын қалың, қатты былғары. «Етіктің ұлтанын шегелеп жатқан Жәуке бізді абайсызда саусағына тықты» (Б. Майлин,Шығ.). Бұл сөз осы мағынада, «ултуң» тұлғасында ертедегі түркі тілдерінде де қолданылған. Дегенмен, бұл сөздің алғашқы түбірі «ул», ал мағынасы «негіз» (фундамент) болғанын да ежелгі түркі тілдері ескерткіштері арқылы білеміз. Біршама түркі тілдерінде осы кезге дейін ертедегі түбірді сақтай отырып, біздегі «ұлтан» мағынасында қолданылады: туваша — улдуң, якуттарда — уллун, моңғол тілінде «ул» ешқандай жұрнақ қабылдамай-ақ «ұлтан» мағынасын беретін болып қалыптасқан. Қалмақ тілінде де дәл солай. «Ұлтан», шын мәнінде де, аяқ киімнің негізі екенін ескерсек, біздің бұл жорамалымыз онша оғаш емес

Уикипедия
Тамаша жауап.
0 дауыс
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/Ұлтан
0 дауыс
Басқа елде басшы болғанша  аяқ астына тапталсаңда өз еліңде өмір сүр дегенді білдіреді
0 дауыс
Ұлтан - аяқ киімнің астыңғы бөлігі (подошва).
0 дауыс
Ұлтан сөзінің мағынасы: Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңнің тірегі бол дегенді білдіреді.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 4.05.2022 Тұлға, Адам сұрақ қойды
...