Ұлттық киім - асыл мұра.
Ұлттық киім - бай тарихи, мәдени мұра. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты.
Қазақ халқы қай заманда болмасын бас киімге ерекше мән беріп, аса құрметпен қараған. Оған дәлел ретінде «бас киімді лақтырмау, аяқпен теппеу», «бас киімді басқа кісіге бермеу» секілді ырымдар мен тыйымдар күні бүгінге дейін сақталған. Қазақ халқында бас киім баршылықты білдіретін болғандықтан, оны оны жерге лақтырса, бақ таяды, бақ кемиді деп сенген. Қуанғанда бөркін аспанға лақтырып, күйрегенде жерге ұрып сүйініш пен күйініштің де белгісін баскиім арқылы аңғартқан. Бас киімді әрқашанда жоғары көтеріп, төріне ілген.
Күні бүгінге дейін сақталған ұлттық киімнің бір үлгісі сәукелеге тоқатала кетейік.
Сәукелені алар болсақ, сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат, бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағылады. Ол үкі тіл – көзден, арам пиғылдан сақтайды деген сенім болған. Әдетте, сәукеле түгелдей қымбат маталармен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт, лағыл сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады, түрлі-түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Матасына әшекей, шашақ, оқа тағылып, жиегіне бұлғын, құндыз терілерінен жұрын ұсталады. Бастан қисайып немесе түсіп кетпеу үшін тамақтан өткізетін бау тағылады. Екі құлақ тұсына омырауға жететін құлақша тоқылады. Сәукеленің артқы жағына ұзындығы жерге жететіндей ақ желең тағылады.
Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.
Толығырақ: https://znanija.com/task/29057424