0 дауыс
1.8k көрілді
Жалпы журналистика 2 шығармашылық емтихан тапсырылады. Ал сол 1 емтиханда шығарма жазу керек екен. Сол кезде берілетін тақырыптарды білсеңіздер жазыңыздаршы. 2- нші емтиханда қойылатын сұрақтар қандай. Жауап берген жандарға алғысым шексіз.

1 жауап

0 дауыс
Бірінші емтиханда жалпы ортақ тақырыптар болады. Мысалы мен өзім журналистика факультетіне емтихан тапсырған кезде "Ауылым - алтын бесігім" "Туған тіл" және қателеспесем Абай Құнанбаев туралы тақырыптың біреуін өз еркімізбен таңдадық.Яғни тақтаға үш тақырып береді. Соның бірін таңдап, шығарма жазасың. Екінші емтихан - сұхбаттасу. Сұхбаттасуда билет беріледі. Билетте екі не үш сұрақ болады. Сұрақтардың барлығы журналистикаға қатысты. Мысалы: Журналистика мамандағына не үшін түскің келеді? Қандай танымал журналистерді үлгі тұтасың? Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң, журналистің міндеттері деген сияқты.
...