0 дауыс
6.4k көрілді

Шығармашылық  ҰБТ-ыдан Дінтануды таңдасам қандай мамандықтар бар және қай пәндерден ехтихан тапсырамын?

д

1 жауап

0 дауыс

050206 - Дінтану

050206 - Дінтану бакалврының бітірушісіне 050206 - Дінтану бакалавриятының академиялық дәрежесі беріледі.

Дінтану мамандығының түлектері мынадай қызмет етуге дайындалды:- Діннің тарихы мен теологиясы, адам болмысы мен қазіргі өркениеттің діни философиялық мәселелері арасындағы ғылыми – зерттеу жұмыстары;- мемлекеттік және муниципальді білім беру мекемелерінде дінтану пәнін оқытушы ретінде;- әлеуметтік адаптация және реабилитация топтарында балалар және жастармен тәрбие жұмысы;- мемлекеттік, муниципальдік, конфессиялық және қоғамдық ұйымдардың сондай-ақ бұқаралық ақпараттың сараптау қызметтері;- оқу орындарында дінтануды оқыту.

050206 - Дінтану мамандығы бойынша студенттерді қабылдайтын ЖООдары:

І. Ұлттық ЖООдары:

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ІІ. Мемлекеттік ЖООдары:

Х.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік университеті

ІІІ. Меншік ЖООдары:

1. Шет тілі және іскерлік карьера университеті

2. Египет "Нұр - Мүбарак" ислам мәдениетінің университеті


Жалпы ережелер

Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды еткізу қағидалары (бұдан әpi — шығармашылық емтихан) Дінтану мамандығына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі.

Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық; бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады.

Шығармашылық емтихан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде құрылған қабылдау комиссиясы өткізеді.

Шығармашылық емтиханның саны екіге тең.

Шығармашылық емтихан 2017 жылдың 8-13 шілде аралығында өткізіледі.

Мамандық бойынша шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны жоғары оқу орнымен дербес анықталады.

Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін университет ректорының бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады.

Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннін атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, кеңестер, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.

Шығармашылық емтихан 40 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны — 15 балл.

Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханды еткізу тәртібі

Шығармашылық емтихан еткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.

Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде керсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.

Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.

Шығармашылық; емтиханды өткізу кезінде бip орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкүндік жасалады.

Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.

Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аякталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.

Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:

емтихан алушының көрсеткен орынға отыру;

тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;

аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;

шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.

Осы қағидаларды бұзған жағдайда талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының титулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару ceбебi туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.

Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.

Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:

талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);

төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).

Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жiбepiлeдi.

Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.

Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.

Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.

Шығармашылық емтиханның қорытындысы ведомостпен және пәндік комиссияның хаттамасымен рәсімделеді.

Емтихан алушымен сарапталған жоғары және төмен балл жинаған және 5% қалған жұмыстарын пәндік комиссияның төрағасы емтихан жұмыстарын қосымша тексереді.

Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.

Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.

Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардық құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.

Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы Нұр-Мүбарак ЕИМУ ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бip күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әpбip тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.

Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін тұлғалар тестілеудің үш пәнінің ұпайы есептеледі: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы.

Шығармашылық емтихан қабылдаудың балдық жүйесі

Әріптік баға Балдың сандық эквиваленті Балл саны Дәстүрлі жүйе бойынша баға
A 5 35-40 өте жақсы
B 4 25-34 жақсы
C 3 15-24 қанағаттанарлық

Нормативтік талаптар

«Дінтану» мамандығы талапкерлердің кәсіби білктілігін тексеруді талап ететін шығармашылық мамандықтар қатарына жатады.

Түсу емтихандарының бағдарламасы мен тапсырмалары шығармашылық кабілеттері бар, дін негіздері бойынша белгілі деңгейде сауатқа ие тұлғаларды таңдау мақсатында кұрылған.

Осы мамандықтарға түсу ушін талапкерлер арнайы пәндер бойынша 2 шығармашылық емтихан тапсырады:

  1. Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу
  2. Дін негіздері бойынша ауызша емтихан.

«5В020600-Дінтану» мамандығына түсушілерге арналған

шығармашылық емтихан сұрақтары

  1. Дін түсінігіне қандай анықтама беруге боласыз?
  2. Діндердегі миссионерлік қызметті қалай түсінесіз?
  3. Ислам діні жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  4. Құранның мәні мен маңызын түсіндіріңіз
  5. Қазақ топырағындағы ислами мәдениет ошақтары
  6. Інжіл – христиандардың қасиетті кітабы ретінде
  7. Қазақстандағы діни ахуалға баға беріңіз
  8. Ислам дініндегі төрт мәзһаб жайында баяндаңыз
  9. Әбу Насыр әл-Фараби және оның ғылым тарихындағы орнын түсіндіріңіз
  10. Мұсылмандық мереклер туралы мәлімет беріңіз
  11. Қазақтың діни мәндегі салт-дәстүрлері туралы мәлімет беріңіз
  12. Қазақ даласында болған қандай діндерді білесіз
  13. Исаның христиан дініндегі тұлғасы
  14. Қазақ ақын-жырауларының діни көзқарастарына түсініктеме жасаңыз
  15. Діни экстремизм мен терроризмге анықтамаңыз
  16. Исламның бес шартына қысқаша тоқталыңыз
  17. Дін мен ғылымның арақатынасы жайынлы не айтасыз?
  18. Абай мен Шәкәрімнің ислам діні туралы көзқарастары
  19. Ежелгі қазақ сенімі мен исламдық құндылықтар арасындағы ұқсастықты, үндестікті түсіндіріңіз
  20. Сүннет дегеніміз не?
  21. Сүннеттің ислам дініндегі орнын анықтаңыз
  22. Имам Ағзам Әбу Ханифаның өмірі жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  23. Атеизмге түсініктеме беріңіз және діншілдер мен атеистер ұстанымдарының ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  24. Қазақстанда діни ағымдар мен қауымдардың көбею себептерін жазыңыз
  25. Мұхаммед пайғамбардың өміріне шолу жасаңыз және қызметтерін түсіндіріңіз
  26. Кеңес үкіметі кезінде мемлекеттің дінге деген көзқарасына тоқталыңыз
  27. Құраннан оқу-білімге деген ұстанымын түсіндіріңіз
  28. Ислам мен христиан дінінің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  29. Абай шығармашылығындағы діни көріністерді айтыңыз
  30. Пайғамбардың сахабалары туралы мәлімет беріңіз
  31. Кеңестің кезеңдегі ислам дінінің жағдайы туралы мәлімет беріңіз
  32. Ежелгі қазақ сеніміндегі төрт түлік малдың киелері мен иелері
  33. Исламдағы харам түсінігі және тиым салынған әрекеттер туралы мәліметтер беріңіз
  34. Мұса мен Нұх пайғамбарлар жайында қысқаша мәлімет беріңіз
  35. Исламның Батыс мәдениетіне ықпалын түсіндіріңіз
  36. Иудаизм дінінің қасиетті кітабы жайында мәлімет беріңіз
  37. Мұхаммед Пайғамбардың ислам дінін тарату мен насихаттаудағы қызметін ашып көрсетіңіз
  38. Буддизм дінінің ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз
  39. Парыз дегеніміз не?
  40. Исламдағы парыздар туралы мәлімет беріңіз
  41. Экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары
  42. Құрандағы сүрелер мен аяттар турасында түсінік беріңіз
  43. Христиандықтың пайда болу, даму тарихын түсіндіріңіз
  44. Ансарлар мен мұхажирлер деп кімдері айтамыз
  45. Сопылық ілімнің ерекшеліктерін түсіндіріңіз
  46. Қазақ діни ағартушылық мәдениетіндегі мешіттер мен медреселердің маңызын түсіндіріңіз
  47. Дін мен дәстүр сабақтастығы.
  48. Әруақ сенімінің қазақтар арасындағы мәнін ашыңыз
  49. Қазақстандағы дәстүрлі діндерге қайсылары жатады.
  50. Сахабалар деп кімдерді айтамыз
  51. Қазақстандағы діни секталар туралы мәлімет беріңіз
  52. Мұхаммед пайғамбардың өнегелік, адамгершілік қасиеттерін түсіндіріңіз
  53. Христиандағы үштік сенімді қалай түсінесіз.
  54. Дінге еркіндікке қалай қарайсыз?
  55. Қазақстанда тойланатын ұлттық және діни мейрамдар және олардың ерекшеліктері
  56. Ислам дініндегі негізгі құлшылықтар (ғибадат)
  57. Әлемдік діндердің қасиетті жазбаларын сипаттаңыз
  58. Исламда сүннет пен хадистің маңыздылығын ашып көрсетіңіз
  59. Исламдағы періштеге сенудің маңыздылығы
  60. Діннің қазіргі қоғамдағы атқаратын қызметтері
...