0 дауыс
739 көрілді
Асказаным шаншиды. Шаншыгандабирдене асказанымнан  томен карай журип кайта келгендей болып ауырады жалпы солай шаншиды  бул кандай ауру бурын сары ауру болганмын бырак ол кез он жагым ауырган ал мынада баскаша

1 жауап

0 дауыс

Оқырмандарымыздың сұранысы бойынша асқазан ауруын үй жағдайында емдеу жолдары туралы кеңестерімізді ұсынамыз.

Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген адамдар асқазан ақауларынанан зардап шегіп отыр және де осы сырқатты әбден асқындырып алып, емін таба алмай отырғандардың жағдайы тым ауыр. Саныңызды соғып қалмас үшін, асқазанның ауырсынуы байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініңіз дегім келеді. Дәрігердің сізге тағайындайтын дәрі-дәрмектері сізге жәрдем бере алады. 

Ал үй жағдайында асқазанды қалай емдек керек?

Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз.

Сонымен қатар, асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы - жаңғақтар. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стақанға салып, спирт құйыңыз да жылы жерге бұқтырып қойып қойыңыз. Бір аптадан кейін күніне бір шәй қасықтан ашқарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша күніне үш реттен пайдаланыңыз.

Диета - асқазан аурын емдеудегі ең маңызды ережелердің бірі. Себебі, асқазан аурының пайда болуы дұрыс тамақтанбаумен тығыз байланысты. Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырылған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі ботқаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады. Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттерден, ащы тағамдардан, консервілерден, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.

Қосымша ем-домдар:

1. Шырғанақ майымен асқазан жарасын емдеудің өте нәтижелі әрі кең таралған түрі. Шырғанақ майын тамақтан бір сағат бұрын үш апта бойы ішесіз.

2. Ақбас орамжапырақтың шырыны асқазанға өте пайдалы.

3. Картоп шырыны да жақсы нәтижелер береді. Бұл шырынды дайындау үшін таза әрі ескірмеген картоп керек. Қызыл сортының болғаны тіптен жақсы. Шырынды таңғы ас пен түскі астың алдында жарты стақаннан ішіп тұру керек.

4. Айран мен өсімдік майының қоспасын жатар алдында ішіп тұру асқазан жарасының бетін қайтарады (бір стақан айранға бір ас қасық май).

5. Ауруыңыз асқынып кеткен болса, таңертең жарты ас қасық шикі жұмыртқаның ағын ішіп жүріңіз.

6. Жара пайда болған жағдайда сұлы тұңбасы әжептеуір әсер етеді.

7. Жалбыздың жапырағы мен мыңжапырақтан, түймедақ гүлдерінен жасалған тұнбалар да оң әсер береді.

Ескерту: дәрігер мамандардың кеңестері бойынша ұсынылған жоғарыдағы ем-домдарды пайдаланбастан бұрын, дәрігерге қаралып, толық тексеруден өткеніңіз жөн. Өйткені, асқазанда қандай ақаулардың бар екенін білмей жатып, өз бетіңізше емделу денсаулығыңызды онан сайын нашарлатып жіберуі мүмкін.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/11243/

...