0 дауыс
8.4k көрілді
Менің аузымнан жағымсыз иіс шығады.Сол иіс асқазаннан шығатын сияқты,Өйткені аузымда құрттаған тіс жоқ.Сол асқазан ауруын үй жағдайында қалай емдеуге болады.Қандай жеміс-жидектер немесе тағамдар жеген пайдалы?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Ең алдымен, шылымнан бас тартыңыз. Никотин - асқазанның жауы. Шылым асқазан жарасының пайда болуына тікелей әсер етеді. Сондай-ақ ішімдіктің де зиянды екенін естен шығармаңыз.

Асқазан жарасынан арылу үшін ағзаңызға жасұнықтың көп мөлшерін жіберіңіз. Неғұрлым көп болған сайын, соншалықты жақсы. Жасұнық алмұрттың, шабдалының, алманың құрамында өте көп. Және де фасоль мен бұршақ тұқымдастар да сізге жақсы әсер етеді.

Пиязды жақсы көріп жесеңіз, асқазаныңыз рақмет айтатын болады. Тым болмағанда күніне жарты пиязды жеуге тырысып бағыңыз. Немесе пияздың көп мөлшері бар салаттар мен жеңіл тағамдарды серік етіңіз. 

Сонымен қатар, асқазан жарасын үй жағдайында жеңудің тағы бір жолы - жаңғақтар. Бір келіге жуық жаңғақты шағыңыз да дәнін жеуге қойыңыз. Ал қабығын стақанға салып, спирт құйыңыз да жылы жерге бұқтырып қойып қойыңыз. Бір аптадан кейін күніне бір шәй қасықтан ашқарынға ішу керек. Тұнбаны таусылғанша күніне үш реттен пайдаланыңыз.

Диета - асқазан аурын емдеудегі ең маңызды ережелердің бірі. Себебі, асқазан аурының пайда болуы дұрыс тамақтанбаумен тығыз байланысты. Мұндайда сүтті және сүтқышқылды тағамдарды, бұқтырылған, қайнатылған көкөністерді, әртүрлі ботқаларды (күріш пен макароннан басқа), қайнатылған тауық, сиыр етін, жеңіл балықты, жұмыртқаны жеуге болады. Ал қуырылған, майлы тағамдардан, майлы еттерден, ащы тағамдардан, консервілерден, саңырауқұлақтардан, газды сусындар мен қышқыл шырындардан бас тартыңыз.

0 дауыс

Гастрит - қарапайым медицина тілінен аударғанда «асқазанның шырышты қабығының қабынуы» дегенді білдіреді. Әртүрлі себеппен туындайтын қабыну, емдеудің де әртүрін талап етеді.

Гастриттің пайда болу жолдары өте көп:

  1. Өткір ішек инфекциясы. Біз қандай да бір ішек жұқпаларын жұқтырған кезде, асқазан-ішек жолдары мен асқазан зардап шегеді. Содан соң, асқазанның шырышты қабығы қабынады;
  2. Улану. Бұл да өткір ішек инфекциясы секілді. АІЖ (асқазан-ішек жолдары) ағзаға зиянды заттар түскенде олардан құтылуға тырысқан сәтте асқазан, ішек жолдары зақымданады;
  3. Кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау. Көбінесе ауырсынуды басатын дәрілерді қолдану асқазанға кері әсерін береді;
  4. Өт ауруының асқазанға әсер етуі;
  5. Адамның жас шамасы. Жасымыз ұлғайған сайын көптеген аурулардың, сонымен қатар гастриттің қаупі артады;
  6. Ағзамыздың өз жасушаларына шабуылдаунан туындайтын автоиммунды аурулар;
  7. Helicobacter pylori бактериясы. Бұл созылмалы гастритке жиі әкеледі. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол жер шарындағы халықтың 50%-нан астамында кездеседі. Бактериялардың көбісі тасымалдаушы. Сондықтан ол туралы білмеуімізде мүмкін. Оның таратылуын тоқтатудың жолы да түсініксіз. Сондықтан біз тек дер кезінде ауруды анықтап, емделе аламыз.

Гастриттің белгілері қандай?

Әдетте, гастрит екендігін айқындайтын нақты белгілер жоқ. Өйткені, гастрит ауру көрсеткішсіз жүре беруі мүмкін. Гастриттің басты белгісі – асқазанның жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық. Гастриттің өзге де белгілерін атап өтетін болсақ:

  • Жүрек айну;
  • Құсу;
  • Тәбеттің жоғалуы;
  • Кекіру;
  • Іштің кебуі;
  • Ас қабылдағаннан соң жағымсыз сезіну.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқысаңыз болады.

...