+1 дауыс
23.8k көрілді
Асқазанды қалай жуады оның қандай әдістері бар? Біреулер айтады оны мұрынға зонд тығып жуады диды сонда мұрынға су жібергенде ол су өкпеге кетіп қалады ғой сонда қалай?

Мен Сарыағашта емделгенде аузыма зонд тығып жуған еді кайсысы дұрыс сонда?Анықтап айтып беріңіздершы достар алдын ала рахмет,!

5 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Зонд арқылы жуады, қазір медицинада жаңадан методикалар қосылып жаыр ғой күнде, мұрын арқылы асқазанды жуса да таңқалмаймын)) Бұрын ондай жоқ тұғын, Асқазанды жуу үшін тазалау клизмасы, дәрі жіберу үшін дәрілік клизма, майлы клизма, сифон клизмасы деген сияқты түрлері болады, бұлар тік ішек арқылы жіберіледі. Эсмарх кружкасы пайдаланылады. отравление болғанда мысалы

Ауыз арқылы асқазанды кәдімгі қайнаталған жылы сумен де жуады, ол үшін зонд керек өзінің арнайы, воронкасы, шланкнын ортасында шыны түтікше болу керек суды көрініп тұру үшін, Стандарты бар арнайы, қатты қажет болып бара жатырса сол стандартты тауып берейін іздеп, Оны бәрібір өзін жасай алмайсын медперсоал болмаса, Иектен кінжікке дейінгі аралықты өлшеп, сонының ұзындығындай вазелин жағып жұттырады, воранкаға су құйып соны қайта төмен ұтап төгу арқыылы таза су аққанша жуады, 10 л-дей су кетеді. Стадарт болады арнайы, сол бойынша жасайды, ұмытып қалыппын олай жасау практикамда кездеспеген сон
Ерінбей тауып алдым стандартын, менің оқып жүрген кезімдегі стандарт, қазір өзгеріп кеткен болуы да мүмкін.

                   3.Асқазанды жуу техникасы                    
Көрсетулер: тамақтан, дәріден, алкагольден ж/е т.б. уланулар.
Қарсы көрсетулер: ойықтар, ісіктер, асқазан ішек трактісінен қан кету, бронхиалды астма, ауыр жүрек патологиясы.
Жабдығы: ұзындығы 70 см залалсыздандырылған резеңке түтік ж/е диаметрі 8 мм біріктіргіш залал.н шыны түтік, сыйымдылығы 1л залал.н оймыш, вазелин майы,суға жуылған леген, бөлме темп.10-12л 1шелек су ж/е көтергіші  бар 1 кружка, резеңке қолғап, алжапқыш.
Іс-әрекет алгоритмі:
1/Жууға жүйені жинаңыз:зонд, қосылғыш түтік, резеңке түтік, оймыш.
2/Өзіңіз ж/е науқасқа алжапқыш кигізіңіз, науқасты отырғызыңыз.
3/Қолыңызға қолғап киіңіз
4/Зонды залал.н вазелин майымен не жылы сумен сулаңыз
5/Науқас тілінің түбіне зондтың соқыр соңын салыңыз, мұрын арқылы терең демала отырып жұтыну қимылын жасауын сұраңыз
6/Науқас жұтыну қимылын істегеннен-ақ зондты өңешке итеріңіз
7/Зонд қажетті көрсеткішке жеткен соң оймышты науқастың тізесіне дейін түсіріңіз
8/Оймышты қиғаш ұстап тұрып оған 1л су құйыңыз
9/Науқастың басынан 30см жоғары оймышты ақырын көтеріңіз
10/Оймыштағы су азайған кезде төмен түсіріңіз
11/Ішіндегісіне легенге қосылғыш түтік арқылы су өткенше төгіңіз, бірақ резеңкеде ж/е оймыш түбінде болу керек
12/Әрекеттерді қайталай отырып оймышты қайта толтыруды бастаңыз
13/Осылайша су тазарғанша жуыңыз
14/Енгізілген ж/е шыққан сұйықтық мөлшерін өлшеңіз
15/Жуылған судың жартысын зертханаға жіберіңіз
+1 дауыс

Асқазанды тазарту

Шығыс медицинасы асқазан-ішек жолдары – адам ағзасының «асханасы» болғандықтан ол үнемі тазартып отыруды қажет ететіндігін айтады. Көптеген аурулардың асқазан-ішек жолдарының қождануы мен ластануынан пайда болатындығынан оларды жиі тазартып отыру өте ма-ңызды. Асқазанды тазалау арқылы созылмалы асқазанның қабынуы (гастрит), ас қорытудың бұзылуы (диспепсия), басқа да асқазанмен байланысты созылмалы аурулардан айығуға болады. Әсіресе, асқазан қабынуындағы қышқылдық төменділігін емдеуге күшті әсерін тигізіп, асқазанда қоймалжыңның көп бөлінбеуіне көмектеседі. Егер қышқылдық жоғарыласа, онда жуан ішекті сумен шаятын емдеу тәсілінің керемет нәтиже бергендігі.

Емдеу әдісі үшін шамамен 3 л қайнатылған жылы су дайындау қажет. Орындыққа отырып асқазанға су мөлшерден тыс толғанын сезгенше немесе жүрек айнығанша суды аздап ұрттап ішу керек. Ережеге сай жасалған тәжірибе бойынша, 3-5 л қайнатылған суды ішкен соң ғана осындай сезім пайда болуы тиіс. Содан соң ваннаға немесе шылапшынға 90 градус бұрыш жасап, еңкею керек. Сол қолдың алақанын іштің асқазан бөлігіне қойып, оң қолдың үш саусағымен тілді жүйкеге тиетіндей етіп басады. Құсу қимылы бастала салып, ақырын иықты көтеріп, арқаны майыстырады. Құсық сұйылғанда, саусақтарды ауыздан алады. Су шығуын доғарған соң, қайтадан арқаны майыстырып, тілді жүйкеге тиетіндей етіп саусақпен басу ұсынылады. Осы қимыл асқазан толық босағанша бірнеше рет қайталанады.

Әдетте асқазанды сумен тазарту әдісі таңертең аш қарынға жасалады. Бұған дейін ішек пен қуық босатылып, жуынып, душ қабылдау қажет. Шығыс медицинасы емделу әдісін пайдалану барысында ағзаны салқын тигізуден сақтауды ескертеді.

Біздің жағдайымызда асқазан тазартуды мысалы, тамақты мөлшерден тыс жегенде немесе сапасыз тамақтарды қабылдағанда, сондай-ақ, сауығу үшін қолданады. Шығыс медицинасы сусамырмен (сахарный диабет) ауыратын адамдарға асқазанды сумен тазартуды аптасына 1 рет өткізу туралы кеңес береді. Өйткені, асқазанды шаю арқылы ағзада ұйқы безінің гормоны (инсулин) жоғары деңгейде бөлінеді.

Сондай-ақ, шығыс медицинасы емделу әдісінің бұл түрін жүрек, қан қысымының артуы, асқазандағы жара және ішек ауруларымен ауырған адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізетіндіктен, оларға пайдаланбауға кеңес береді.

Ақпарат көзі: Сайтқа өту

0 дауыс
Асқазанды шланңгы жұту арқылы жуады. Жіңішке шлаңганы жұтасың сол асқазанға түседі. Оған шыдаған адам шыдайды. Ең оңай әдісі сол.
0 дауыс
Ең оңай тәсілі екі литр жылы  суды тоқтамай   ішіу керек,асқазан тазаланғаннан кейін бір жеңілденіп қалады.
0 дауыс
Таңертең жылы су қайнатып соны құсқанша іш солай тазалауға болады
...