0 дауыс
602 көрілді
1апта болды өкпем қабынып кеткен уйыктап жатсам ауа жетпей калады жөтел көп температура кейде көтеріліп кейде түседі қақырық түкіріп жүріп укол дым әсер етпейт не істеуге болды қандай дәрі бар блетындер болса басынан өткен болса айта аласыздарма көмектерініз керек

1 жауап

0 дауыс

Аурухана сыртындағы (коммуналдық) пневмонияға шалдыққан адамдарды әдетте, үй жағдайында дәрінің көмегімен емдеуге болады. Симптомдарыңыз бірнеше күн немесе апта ішінде жеңілдегенімен, әлсіздік бірнеше ай немесе одан артыққа созылуы мүмкін. Кейіннен өкпенің инфекциядан тазаруын білу үшін дәрігер кеуде қуысының рентгенографиясын өтуді ұсынады. Емдеуді тоқтату үшін бұл жеткілікті болуы мүмкін, өкпенің рентген суреті толық қалпына келмесе де. Емдеуге  28 күн өткенде кеуде  қуысының рентгенографиясы аурухана сыртындағы (коммуналдық) пневмонияға шалдыққан адамдардың жартысында ғана  қалпына келеді. Нақты шаралар пневмонияның түріне және ауырлығына, жасқа және денсаулықтың жалпы жағдайына байланысты. Оған жататындар: •        Бактериалдық  пневмонияны емдейтін антибиотиктер. Қолдану басында пневмонияның себебі болған бактерияның түрін анықтауға және оны емдеуге оңтайлы антибиотик таңдауға уақыт кетеді. Көбінесе, үш күн ішінде жағдай жақсарады, бірақ, темекі шегетіндерде жақсаруға екі еседен артық уақыт кетеді.  Егер симптомдарыңыз жақсармаса, дәрігер басқа  антибиотикті ұсынуы мүмкін. •        Вирустық  пневмонияны емдейтін вирусқа қарсы препараттар. Мұндай науқастарда жақсару бір-үш апта ішінде орын алады. •        Ыстықты түсіретін препараттар, аспирин немесе ибупрофен секілді. Жөтелге қарсы дәрілер. Демалу үшін жөтелді басатын дәрілер. Бірақ, жөтелді толығымен жойған жөн, себебі, жөтел өкпеден сұйықтық шығуына, оның тазаруына ықпал етеді.

Тооығырақ: https://www.zdrav.kz/kk/azbuka/okpenin-kabynuy

...