+1 дауыс
821 көрілді
Ұнамаса өшірерсіздер.
Мен осы сайтқа сұрақ қою арқылы жақсы жауап алғам келеді, сонымен қатар өз сұрақтарыма өзім жақсы жауапты таңдай отырып +10 шквалды өзім бергім келеді. Ұмытпасам, осы сайт ережесінде ол ашық айтылған, мен 2-3 ай көлемінде ең жақсы жауапты таңдамасам, онда жоғарыдағыларға таңдау мүмкіндігі бар. Неге мен қойған сұрағыма 1 күнде өтпей жатып ең жақсы жауапты (менің ойымша емес) беріп жатырсыздар? Мен ойнап сұрақ қойып жүрген жоқ едім ғой. Айтпақшы, Ербол мырза, Осы сайтты жаңарту барысында Тәртіп бұзушылар мен шағымданушылар үшін "жалоб" кітапшасын енгізіп қойсаңыз қайтеді?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ескендір,Абылай,Ержан сендер осы сайттағы ең белсенді,жанашыр адамдар қатарындасыңдар.Сендердің көзқарастарыңның әділ екендігіне ешқандай күмән болуы мүмкін емес.Кей кездерде өздеріңнің жазғандарыңды да жасырып қоятын кездерің болып тұрады,көбіне мен қайта ашып отырамын,әрине көпке пайдасы бар деп ойласам.
Сондықтан өз басым істерің алға бассын деп тілеймін.Осы сайттың іші флуд,спамдарға толып кетпей қалыпты жағдай ұстап тұруына өздерің сияқты жанашырлар аз еңбек сіңіріп жүрген жоқ деп білемін.Админ өз пікірін өзі білдіре жатар.
       Ал,Көркем сенің жазып жүрген сұрақ-жауаптарың мағаналы,мәнді,әрдайым оқып жүремін.Бірақ өзің айтқандай жақсы жауап таңдауға ережеде 2-3 ай уақыт емес,4-5күн уақыт берілген,сол уақытты пайдалануға  тырыс.Егер бәрі дұрыс болса ешкімнің сенің еңбегіңді жоққа шығаруға немесе өз пайдасына пайдалануға қақысы жоқ.Бірақ өз міндетін атқарушыға жөнсіз өкпелеу де дұрыс емес болар,солай емес пе? Ал ШАҒЫМ БҰРЫШЫ деген дұрыс бола қоймас,сайт негізі сұрақ-жауап болғандықтан шағым қарап отырудың жөні келмес.Ол жөнінде Абылайдың айтқаны дұрыс деп білемін,кері байланысқа жазсаңыз әділдігін Админ өзі шешеді.
+3 дауыс
Кешірерсіз бізді. Сонда біз жақсы жауапты таңдап өзіміз шквал балл жинап жүр деп ойлайсыз ба? Бізге келмейді +10 балл. Біз Сұрақ-Жауап сайтында балл жинау үшін емес қазақ тіліне бір көмегімізді тигізейін деп. Бір күн өтпей жатып жақсы жауап таңдау қате негізі асықпай жауап беру керек жазған жауапты екі рет оқып осы дұрыс ау деп. Бірақ қойылған сұраққа толықтай, нақты жауап берілген шығар. Тәртіп бұзушылар мен шағымданушылар үшін "жалоб" кітапшасын еңгізу табылған ақыл Админ мырза не дейді екен? Сіздің сұрақ немесе жауабыңызды өңдеген тәртіп бұзушылық болып саналмайды. Сіздің қате кеткен жерді түзеу міндеті модераторлардың. Мен қуанар едім қателерімді түзесе өзгелер. Сөз сонында кешіріңіз сөз таластырмайық. Кешіріңіз...
+3 дауыс
Бұндай ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймын,

бірақ сіздің сұрағыңызға жақсы жауаптарды таңдаған мен емес (сіздің көп сұрақтарыңыз нақты емес, жұрттың пікірін білуге, талқылауға арналған деп тағы да қайталаймын)

егер сіз админның не модераторлардың жақсы жауап деп таңдаған нұсқасымен келіспесеңіз сіз ол жауаптың қапталындағы жұлдызшаны тағы бір рет шерту арқылы жақсы жауап дегеннен алып тастай аласыз.

 Арыздар мен шағымдарыңыз үшін (ұсыныстар мен алғыс үшін де) Кері байланыс қа жазуға болады.
жақсы жауап келісемін(y)
Абылай! Сіздің біреуді көтермелеп немесе дұрыс деп тапқаныңызды әлі көргем жоқ. Байқасам, сізге еш нәрсе жақпайтын секілді, ылғи біреудің мінін табасыз да жүресіз, ашық айтқанда тырнақ астынан кір іздейсіз. Біреудің кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге тырысыңыз. Жаңадан келгендер бар, әлі еш нәрсеге мән бере алмай жатқандар бар жалпы олар түсінемін дегенше тағы басқалары келеді. Оларға шама шарқынша көмектесіңіз, мін айтпаңыз! Солардың орнында болғаныңызда түсінер ме едіңіз....... әлде өзіңізді тым ақылды санайсыз ба?
сіздің бұл айтқандарыңыз тіптен орынсыз. ия бір екі жерде біреудің кемшілігін түзеген шығармын, бірақ оның бәрі орнымен. бірақ айтқандай жұрттың бәрінің көңілінен шығу мүмкін емес, сіз қалай ойлайсыз ол сіздің құқыңыз, сіздің пікіріңізді өзгертемін деп тырыспай ақ қояйын.

Жаңадан келгендерге бас салып тиісіп жатқан мен емес, қайта орынсыз, сайт ережетеріне қарсы келетін сұрақтарды оның не үшін жасырылғандарын түсіндіріп жазып кетемін әр сұрақ жасырған сайын. (келесіде соларды ескерер деген үмітпен).

Адам өз ақылын өзі бағаламау керек, мен де өзімді ақылдымын деп санамаймын, келіспейтін жерім болса қай жеріне не үшін келіспейтінімді де жазып кетемін. және бұл менің өз пікірім деп қайталап айтамын.

бәріміз де сайтқа топ етіп модератор болып кіре қалған ештемеміз жоқ, біз де жаңадан келген қолданушы болдық.

сіздің ОРЫНСЫЗ СҰРАҚТАРЫҢЫЗДЫ жасырғаныма  кешірім сұраймын. мен оны жасырғанда не үшін жасырғанымды анықтап жазып, сізді түсіністікпен қарайды ғо деген ниетпен жазған едім.
Түсінікпен қарағаныңыз үшін үлкен рахмет!
Жігіттер,Көркем сыпайы да әсем наз айтып отыр ғой,түсінуге тырысайық.(giggle)
Ия, мазақтай беріңіз................................
Шыным,сенбесең келіп көр.]:)
+2 дауыс
Сіздің бұлай ренжитініңізді білмедім көбіне сұрақтарды, жауаптарды жасыратын мен себебі мағынасыз жауап берді немесе бір сұраққа екі жауап береді ал әр жауапқа +3 балл беріледі сондықтан нақты бір жауап болу үшін жасырамын. Жақсы жауапты таңдағанда бізге де қиын, сіздің жауабыңыз ұнады мен белгіледім жалпы айтқанда дұрыс сұрақпен дұрыс жауап керек.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 14.05.2015 Жалпы медицина сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...