0 дауыс
800 көрілді
Мен қыз баламын бірақ қолымда жүндер көп сол үшін жеңі жоқ жейделер киуге қысыламын.

2 жауап

0 дауыс

Қолдағы түктерді сутек тотығының көмегімен ағарту жолы

Қолдағы қара түктер де көпшілігі үшін мәселе туғызады. Олардан механикалық әдіспен құтылудың қажеті жоқ. Себебі одан соң түктер қатайып өсетін болады. Қолдағы түктерді ағарту үшін сутек тотығы мен жылы суды 1:1 қатынаста араластырыңыз. Пайда болған ерітіндіні басқа ыдыста (фарфор ыдыс болғаны жақсы) жарты шай қасық мүсәтір спиртімен және 1 шай қасық содамен араластыру қажет. Алдымен қоспаны тексеріп алыңыз. Ол үшін қоспаның бір тамшысын шынтақтың бүгілген жеріне тамызып, күтіңіз. Егер сол жер қышымаса және қызармаса, қолдана беруге болады. Егер түк қолыңыздың нәзік терісінеөсетін болса, алдын ала майлы крем жағып алыңыз. Қоспаны қолдың түктеріне жағып, жарты сағаттай ұстаңыз. Содан соң жылы сумен жуып тастаңыз. Егер аздап шаншу болса, қорықпаңыз. Егер шыдатпай ашыса, қоспаны жуып тастап, басқа әдісін қарастырыңыз. Процедурадан соң, қоспа жағылған тері де аздап ағарып кетуі мүмкін, алайда ол бір күннен соң өз түсіне келеді. 

Толығырақ: https://www.google.kz/amp/s/massaget.kz/kyizdarga/krasota/38333/amp/

0 дауыс
Скотч болмасы арналған жабыстырғыштарды қолдан
...