0 дауыс
688 көрілді
Магистратураға оқуға (грантқа) түскім келеді.

1 жауап

0 дауыс

2018 жылғы ақпарат бар

Аймақтарда немесе қалаларда қандай мамандықтар тапшы? Әкімдіктер соның бәрін зерделеп, сол мамандықтарға қосымша грант бөліп отырады. Енді, мен басқа өңірлерді айта алмаймын. Ал Астана қаласының әкімдігі педагогика, денсаулық сақтау, ақпараттық теxнологиялар, оның ішінде автоматтандыру мен басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу теxникасы және теxнологиясы, сонымен қатар, көлік қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру, инженерлік жүйелер, сәулет, дизайн, мектепке дейінгі оқыту мен бастауыш мектеп мамандықтарына қосымша грант бөлді. Бұдан бөлек, физика, биология, математика мен информатиканы ағылшын тілінде оқыту да бар", - деді М.Аралxанов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында. 

Оның айтуынша, әкім гранттары сол өңірге байланып тұрмайды. Жергілікті атқарушы орган тапсырыс берген мамандық болса, республика бойынша кез келген жоғары оқу орнында білім алуға болады. Бірақ оқудан кейін ол жерге қайта барып, жұмыс істеу керек.

"Мәселен, Астана қаласының әкімдігі "Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу" және "Бастауыш мектепте оқытудың әдістемесі" бойынша қосымша гранттар бөліп берді. Бірақ оны жалғыз біз ғана емес, Павлодар университеті, Қарағанды университеті, Еуразия гуманитарлық институты, Тұран-Астана, жалпы республиканың басқа да университеттері ала алады. Жаңағы екі мамандық болса, жеткілікті. Бірақ грант иегері Астана әкімдігінің есебінен оқиды. Ал оқуды бітіргеннен кейін келісімшартқа сәйкес, осы Астана қаласының мектептерінде үш жыл жұмыс істеуі тиіс", - деп атап көрсетті М.Аралxанов.
Әкім гранттарын арнайы комиссия тағайындайды. Оның құрамына әкімнің өзі, әлеуметтік қорғау өкілдері, қаржы мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары кіреді. Іріктеу кезінде үміткердің ұпай санына баса назар аударылады. Бірақ әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға жеңілдік беріледі. Құжат қабылдау 10 тамызға дейін жүргізіледі. Одан кейін комиссия өз жұмысына кіріседі. 

Айта кетейік, биыл мемлекеттік білім гранттарына қосымша жергілікті атқарушы органдар есебінен 2 700-ге жуық грант бөлініп отыр.

"Нормативтік базамыз дайын. Бұл гранттар айдың аяғына дейін таратылады, - деді Е.Сағадиев Үкімет отырысында. Министрдің айтуынша, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді тапсырмаған, я болмаса, шекті деңгейден аса алмағандар үшін 15-19 тамызда қосымша тестілеу ұйымдастырылады.

Толығырақ : https://www.google.kz/amp/s/www.inform.kz/kz/akimnin-granttary-kalay-taratylady_a3349402/amp

...