+2 дауыс
671 көрілді
менің сыныптасымның сырлас досы сырын біреуге айтып беріпті. Осыдан соң ол жан баласына сенбейді ол үшін не істесем болады достар......

3 жауап

+2 дауыс
Қиын жағдай ,арине,бұл жерде кіналі досы екені анық, сыныптасыңыздың да ешкімге сенбеуі де орынды,бұл жағдайда менде солай жасауым мүмкін еді, бұл жердегі ең тиімді, әрі жақын ісіңіз сол сыныптасыңызға ол досының,өзіне лайық емес екенін түсіндіргеніңіз жөн,осы жерде   5-саусақ бирдей емес деген мақал еріксіз ойыма түседі,яғни әр адам әр түрлі дегенді айтып отырмын,салыстырмалы түрде,сыныптасыңыздың досын, басқа жандармен салыстыра отырып,ол досының МИНУС жақтарын жақсылап (ашып) айтып беріңіз,келесіде сыр айтатын адамдардын  ажырататын болады...........
бірақ ол енді тіпті маған да сырын айтпайды гой  оның қиналғанын көру маған да ауыр егер ішкі сырын айтар болса біреумен сырласатын болса сәл де болса жеңілдейді гой бұлай тұмсырайып жүргеннен көрі  ен бастысы  5 саусақ бірдей емес екенін дәлелдеу қажет ал қалай дәлелдесем болады.....?
- Сенімге кіру үшін жылдар керек, сенімнен шығу бір-ақ минут дегендей ...
Уақыт өте келе бәрі жақсы болады... дегім келеді сізге!)
+1 дауыс
Сыныптасыңызбен оңаша қалған сәтті пайдаланып, мысалы, үйге қайтып келе жатқанда онымен сөйлесуге тырысыңыз. Көңілін аулап, түрлі нәрселер айтыңыз. Содан соң сол әңгіменің артын оның досының істеген қылығына тіреңіз, жігін білдіртпей, басқа біреуді айтқандай қып...Содан соң бұлай іштен тынып жүрудің дұрыс еместігін айтыңыз, денсаулығына зиян екеніін айтыңыз. Бір адамға бола қатты қиналудың қажетсіздігін түсіндіріп, басқа достарының бар екенін, оның жалғыз еместігін есіне салыңыз. Күнделік жазып, шер тарқатуға кеңес беріңіз. Жай ғана күнделікті сабақ жөнінде әңгімелер қозғап, ойын бөлуге тырысыңыз. Қызық үйірмелер болса, соған тартыңыз. Өмір болған соң, адамның қателеспей тұрмайтындығын айтыңыз. Әлгі досымен сөйлесіп көріңіз. Осылай мәселе шешілер деп ойлаймын...
0 дауыс
оның сырын білгін келсе алдымен өзің сырыңды айтқаның дұрыс, сол кезде ол де жәймендеп ішіндегісін шығара бастайды. Егер ешқандай сырың болмаса ойдан құрастыр))  бірақ ол да ойдан құрастырмайды дегенге кепілдік жоқ))
...