+1 дауыс
3.2k көрілді
ертен тест болатын еді,соған психологиялық жағынан қалай дайындалуға болады?осы жолы тесттен құдай қаласа 5 аламын деп отырмын,алдыңғы жолы әбден сасып,білгенімнің бәрін ұмытып қалдым,тестті тапсыруда өз-өзіңде сенімділік болу үшін не істеу керек?асып-саспай тапсыру үшін?

3 жауап

+1 дауыс

               ҰБТ – оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді.Барлық қатысушылардың соған деген конструктивті көз-қарасынқалыптастыру жақсы болар еді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оныңорнына өз білімін көрсету, сондай-ақ жыл бойғы бағаларын жақсарту,емтихандық тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шындау депесептесе онда – негативті эмоциялар мен стресстер өзі-ақ жоғалады. Еңбастысы және негізгісі – баланың ҰБТ-ге байланысты қобалжу деңгейінтөмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызуқажет. Ата-ана балаға түсіністікпен қарауы тиіс. Үйде дайындалу үшінбалаға ыңғайлы жұмыс орнын ұйымдастырып, бөгет жасамауы қажет.Баланы ешкімнің баласымен салыстырмай, керісінше мадақтап, олардыңөзіне-өзі сенімін жоғарлатқан жөн. Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күшжігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен көмек бере алады,бірігіп жұмыс жасай отырып, үлкен нәтижеге жете алады.

«Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»  Л.Фейервах

+2 дауыс
Тестке кіргеннен кейін бірден кірісіп кетпе. менде де болған осы жағдай. Алдымен айналана қарап ал, өз өзінді барынша еркін ұста, дайындалған болсан барлық сұраққа жауап беруін керек. ТЕК асығыстық жасама, менде көп болған сұрақтың бас жағын оқып ары қарай білемін деп толық мән беріп оқымай зымыратып шығатын кездер, дайындалып келіп ойдағыдай баға ала алмайсын асықсан. 1 сұраққа 1 минут көп ғой, асықпасан да болады, бәрібір уақыт артылып қалады. Ғалымдардың дәлелдеуінше емтиханға кірердің алдында 1 стакан судың пайдасы өте көп, су арқылы миға кислород беріліп ми жақсы жұмыстейді. Өзін де байқап көр емтиханның алдында 1 стакан су ішіп көр, жақсы тапсырып шығасын, әрине дайыдық та керек ғой.
+1 дауыс

Психологиялық жағынан ҰБТ-ға дайындық кезінде өзіңізге мына ұстанымдар  арқылы көмектесе аласыз.

Сіз өзіңіздің дайындығыңыз бен ойыңызды бір жақты етіп жинақтауға тырысыңыз. Арман мақсаттарыңыздың қандай жағдайда болмасын жүзеге асатынына өзіңізді сендіріңіз. Ата-анамның үмітін ақтай алмай қаламын, құрбы-құрдастарымның соңы болып қаламын немесе төмен балл алсам не болады деген ойлармен өзіңіздің миыңызды шаршатпаңыз. Сіз қандай балл алсаңыз да ата-анаңыздың сүйікті баласы, құрбы-құрдастарыңыздың ортасында адал дос болып қала беретіңізді естен шығармаңыз. Болашаққа қойған асыл армандарыңызды қалай да орындап шығатыныңызға сенімді болыңыз. Зердені, жадыны шынықтыратын жаттығулар жасап, дұрыс тамақтанып, уақытыңызды дұрыс жоспарлап, жүйелі түрде дайындық жүргізіңіз. Өзіңізді өзіңіз тексеріп көруден жалықпаңыз. Өзіңіздің шын мәнінде білімді екнніңізге көз жеткізсеңіз, ешқандай емтихан алдында жүрексінбейтін боласыз.
Бұл сынақ – үлкен асу! Бірақ бұл асудан сабырсызданбай, өзіңізді барынша қолыңызға алып, нық сеніммен тапсырамын деп өзіңізге сенсеңіз ғана толығымен жетістікке жетесіз. Сынақ өткеннен кейін де өмір жалғаса береді! Сынақ өміріңіздің құлшынысын төмендететін немесе өміріңізді мүлде өзгертіп жіберетін құбылыс деп қабылдамай, тек өміріңізде кездесетін кезекті емтихандардың бірі ретінде қарау керек.

...