0 дауыс
1.3k көрілді
Абай жолы бойынша сұрақтың  толық ауқымды жауабы қажет.

1 жауап

0 дауыс

Кітапхананы пайдаланушылардың бірі – қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев болды. 1959 жылы «Қазақ мемлекет баспасынан» жарық көрген Ә.Жиреншиннің «Абай және орыстың революцияшыл демократтары» атты кітапта мынадай мағлұматтар берілген: «Михаэлис пен Абай тұңғыш рет осы кітапханада кездесіп танысады. Алғашқы рет Михаэлис пен Абай өте бір қызық есте қаларлық жағдайда кездеседі. Абай Семейдегі кітапханаға келіп, Л.Н.Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Михаэлистің қолында еді, Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис Абайға келіп кітапты оған беріп, тұңғыш рет екеуі танысып, тіл қатады. Олардың алғашқы танысулары кітапхана ішінен басталады. Ол кезде кітапхана Семей жұртшылығының үлкен мәдениет ошағына айналып еді. Абай орыстың, батыстың классикалық әдебиетімен осы кітапханада танысады. Михаэлиспен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге деген көзқарасын шыңдай түседі, ал Евгений Петрович оның танып оқуға, білім алуға деген зор талабын көріп, кітапты көп оқуға кеңес береді. Абайдың өмірбаянын жазған Кәкітай Ысқақұлы былай дейді: «Абайды орыстың белгілі жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Салтыков-Щедрин, Тургенов, Белинский, Добролюбов және Писаревтың шығармаларымен таныстырған адам Михаэлис еді. Ол туған әкемнен де артық еңбек етіп, менің дүниеге көзімді ашты деп отырушы еді». Абай мен Е.П. Михаэлистің бұл танысуы зор достыққа айналып, ақын өмірінде өшпес із қалдырды. Ғұлама ақынның қоғамдық кітапхананың оқырманы болғанын тарихта қалдырып, әлемге әйгілеген Ресей түрмелерін зерттеу мақсатында Сібір мен Алтайға саяхат жасаған американ публицисі Дж.Кеннан болды. XIX ғасырдың аяғында Патшалық Россияда әр түрлі тәсілдермен жер аударылған саяси қайраткерлерді көзбен көріп, материал жинап, кітап жазбақ болған тәуелсіз журналист - жазушы Джордж Кеннан 1864-1890 жылдар аралығында Сібір, Алтай өлкесіне 4-5 мәрте саяхат жасайды. 1885 жылдың жазында Дж.Кеннан суретші Фрост екеуі Семейге келіп, Сібірдің алыс бір түпкіріндегі құм басқан қала ортасында, шағын ағаш үйде орналасқан қорында Спенсер, Бокль, Льюис, Милль, Тэйлор, Уоллэс шығармаларымен әлемдік көркем әдебиеттің тамаша үлгілері бар кітапхана көргенін, сот мекемесінде қызмет ететін А.А.Леонтьевпен әңгімелесіп, кітапхананы жергілікті қазақтар да пайдаланатынын естіген. Осы сапардан кейін жазылған, 1906 жылы[ «Сибирь және ссылка»] деген атпен орыс тіліне аударылған кітабында Дж. Кенан Семейге жер аударылғандармен бетпе-бет жүздескенін, қазақ даласына айдалған орыс революционерлерінің тұрмысы, қызметі туралы жазады. Сондай-ақ, бұл кітапта Абай Құнанбаев туралы қызықты деректер де бар. Аталған кітапта Семейде Леонтьевтің үйінде қонақ болған кезіндегі әңгімесінде ол былай дейді: «...Менің кейбір сұрақтарыма жауап бере отырып, Леонтьев маған Семей қаласы кітапханасының қалай жұмыс істей бастағанын баян етті. Кітапхананың жер аударылып келген мұңдықтарға ғана уаныш емес екенін, қала халқының ой-өрісін кеңейтерлік рухани азығына айналғанын айтып өтті».

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...