0 дауыс
3.1k көрілді
Барине привет. Пожалуйста айтындаршы. Енлік пен Кебек қалай танысады? Керек болып тұр

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейілдігімен танымал болған Кебек аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барып, бал ашуын сұрайды. Қобызын сарнатып, қалшылдап-дірілдеп Кебектің болашағын болжаған Нысан абыз жігітке:" Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,
Батырым, ондай жанға көңіл берме", - деп ескертеді. 

Абыздың сөзін көңіліне алса да, жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді. Арада біраз уақыт өткен соң Кебек аң аулап жүріп адасып кетеді. Кешқұрым жолында кезіккен үйге кіреді. Ол Матай ауылына келген екен. Кірген үйінде кемпір-шал мен қойшы бала отырады. Және кемпір-шалдың бой жетіп отырған Еңлік есімді қызы бар еді. Ас ішіп, жөн сұрасқаннан кейін Кебек өзін таныстырады. Оның есімін естіген қыз Кебекке ұзақ қарап қалады. Ұйықтар уақыт болғанда Еңлік Кебекке өз төсегін салып береді. Кебек оны қыздың жеңілтектігіне балайды. Көз байланып, барлығы ұйқыға батқанда Еңлік Кебекті оятып, өз сырын айтады. Өзінің бір байдың баласымен атастырылғанын, оны өзіне тең көрмейтінін, атасқан жігітінің ездігі мен ынжықтығын айтады. Сырын ақтарған қыз Кебектен өзіне тең көрер болса алып қашуын өтінеді. Кебек те қызды сынап, оның ой-пиғылы таза екеніне көзі жетіп, алмаққа уағдаласады. 

0 дауыс
Кебек бораннан адасып,Хақан өзенінің аяғына бір Матайға жетеді.Ол жақта Боқтыбай қыстап жүрген қара жартасқа келеді Кебек.Сол үйге кіріп келсе шалмен кемпір жәні бір бойжеткен қыз(Еңлік) шығады,барлығы тамақ ішіп әңгіме дүкен құрып болғаннан кейін кемпір мен шал ұйықтап қалады,сол сәтте Еңлік Кебекпен танысады.
...