0 дауыс
9.7k көрілді
"Еңлік Кебек" поэмасына 15 мазмұндық сұрақ керек.

1 жауап

0 дауыс

1) "Еңлік-Кебек" кімнің поэмасы?

2) "Еңлік-Кебек" поэмасы не туралы?

3) Оқиға қай уақытта орын алған?

4) Тобоқты руының қос басшысы кім еді?

5) Кебектің болашағын болжаған кім?

6) Нысан абыздың айтқан сөзі қандай?

7) Кебек аң аулап жүріп, адасып қай ауылға тап болады?

8) Еңлік Кебекке өзі туралы не айтады?

9) Еңлік пен Кебек қанша уақыт кездесіп жүреді?

10) Еңлік үйінен қай уақытта қашып кетеді?

11) Матай мен Тобықты руының арасында дау туындауының себебі неде?

12) Екі ғашық арасында туылған бала? (ұл немесе қыз)

13) Еңлік өлер алдында не сұрайды?

14) Жұрт екі жасты қалай өлтіреді?

15) Поэма қалай аяқталады?

"Еңлік-Кебек" поэмасы - Шәкәрім Құдайбердіұлының туындысы. Ол  қос ғашықтың махаббатын жыр етеді. Оқиға Найман мен Тобықты арасында бітіспес дау орын алған уақытта болған еді.

Тобықты руының қос басшысы Тоқтамыс деген кісі болады. Оның артынан ерген Кебек есімді інісі бар. 15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейілдігімен танымал болған Кебек аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барып, бал ашуын сұрайды. Қобызын сарнатып, қалшылдап-дірілдеп Кебектің болашағын болжаған Нысан абыз жігітке:" Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан, Батырым, ондай жанға көңіл берме", - деп ескертеді.

Абыздың сөзін көңіліне алса да, жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді. Арада біраз уақыт өткен соң Кебек аң аулап жүріп адасып кетеді. Кешқұрым жолында кезіккен үйге кіреді. Ол Матай ауылына келген екен. Кірген үйінде кемпір-шал мен қойшы бала отырады. Және кемпір-шалдың бой жетіп отырған Еңлік есімді қызы бар еді. Ас ішіп, жөн сұрасқаннан кейін Кебек өзін таныстырады. Оның есімін естіген қыз Кебекке ұзақ қарап қалады. Ұйықтар уақыт болғанда Еңлік Кебекке өз төсегін салып береді. Кебек оны қыздың жеңілтектігіне балайды. Көз байланып, барлығы ұйқыға батқанда Еңлік Кебекті оятып, өз сырын айтады. Өзінің бір байдың баласымен атастырылғанын, оны өзіне тең көрмейтінін, атасқан жігітінің ездігі мен ынжықтығын айтады. Сырын ақтарған қыз Кебектен өзіне тең көрер болса алып қашуын өтінеді. Кебек те қызды сынап, оның ой-пиғылы таза екеніне көзі жетіп, алмаққа уағдаласады.

Қыз Кебекке Тобықты мен Найман бітіскен уақытта алып қашуы керектігін айтып, оған дейін жартас маңында кездесіп жүрелік дейді. Екеуі солай уағдаласқан соң жігіт еліне аттанады. Осылайша олар 6 ай бойы кездесіп жүреді. Осы уақытта Найман мен Тобықты да бітімге келеді. Бір күні Еңлік сүйгеніне қол ұстасып, бірге қашар уақыт келгенін айтады. Ол кезде Еңліктің аяғы ауыр еді. Араға біраз уақыт сала екеуі бірге елден қашып, жартасты паналап жатады. Қыздың қашып кеткенін естіген қалың Матай оны іздей бастайды. Сұрастыра келе оның Кебекпен қашқаны белгілі болады. Матай Тобықтыға кісі салдырып, Кебекті өз қолдарымен ұстап берулерін талап етеді. Тағы да бір-біріне өшіккен екі рудың арасына бұл оқиға бітіспес дау салады. Жартаста тығылып жатқан қос ғашық ұлды болып, соны қызықтап өмір сүріп жатады.

Ақыры екеуін тауып алған Найман мен Тобықты адамдары ғашықтарды өлтірмек болады. Осы тұста Еңлік өлер алдында үш тілегін орындауларын сұрайды. Алдымен Кебекпен араздастыруларын, өлтірсе бірге жерлеулерін және кінәсіз балаларын Кеңгірбай биге тапсыруын сұрайды. Көпшілік Еңліктің сұрауына рұқсатын береді. Бір-бірімен қоштасып, құшақтасқан екі жасты ашулы жұрт ат құйрығына байлап, сүйреп өлтіреді. Екеуін бірге жерлеп, бала жайлы ұмытып кете барады. Ертесіне бала естеріне түсіп, іздеп келсе оны жартас маңынан таба алмайды. Поэма осылайша аяқталады.

...