0 дауыс
686 көрілді
Көлік жүргізуде көп тәжірибем жоқ, бірақ салоннан машина алайын деп жатырмын, 14 миллионға. Бірден жаңа машина айдағым келеді, қандай кеңес бересіздер?

2 жауап

0 дауыс

Автомобиль сатып алу бұл да инвестицияның бір түрі болып табылады және де жылжымайтын мүлік сатып алу кезіндегідей салым салуды талап етеді. Бірақ автомобильдің бағасы жыл сайын түсе беруі мүмкін. Өз бюджетіңізді есептеп және Сіз оған жыл сайын қанша ақша салуға және жұмсауға дайын екеніңізді ескеру қажет. Ұсталған автомобильді сатып аларда автомобильдің қай жерден сатып алынғаны туралы білу қажет. Жиі тарихы белгісіз ұрланған автомобильді сатып жатқан алаяқтарды кездестіруге болады.

Статистика бойынша Қазақтсан халқының басым бөлігі ұсталған автомобильдерді сатып алады. Егер сіз өз бюджетіңізді есептеп өзіңізге автомобиль сатып алуға дайын болсаңыз және осы бюджет жаңа немесе ұсталған автомобильге жететін болса, онда осы мақалада сіз жаңа немесе ұсталған автомобильді сатып алған кезде туатын тәуекелдер мен шектеулер туралы біле аласыз.

Автомомбиль таңдаймыз

Жаңа автомобиль алған кезде барлығы әлдеқайда оңай. Жаңа машинаны сатып алған дұрыс болады, өйткені сіз оның 100%-ға боялмағаны және соғылмағаны туралы сенімді боласыз. Автосалондарда толығымен кеңесшілердің сөзіне толығымен сүйенуге болмайды. Сіз автомобильді сыртынан да, ішінен де мұқият қарап шығып барлық құжаттар мен сертификаттарды тексеруіңіз қажет. Міндетті түрде қажетті тест-драйв өткізіңіз. Егер автомобильге тапсырыс берсеңіз, осындай жағдайларда адамдар тәжірибенің жоқ болуының құрбаны болады. Көбісі тапсырыс беріп әкелінген автомомбиль ақаулы болуы мүмкін екендігін білмейді. Егер тасымалдауды ұқыпсыз жасайтын болса, автомомбиль нашар күйде келуі мүмкін, жиі бұзылған болуы мүмкін. Тапсырыс берген кезде төлемді алдын-ала 100% мөлшерде жасау керек екендігін ескеру керек.

Ұсталған автомобильді сатып алған кезде асықпай таңдаған жөн. Алдымен автомобильдің маркасын таңдап, оның нарықтағы бағасын ескеру қажет. Ұсталған автомобильдердің бағаларын көптеген автомомбильдер базарларында білуге болады, сондай-ақ осыған қатысты әртүрлі сайттар бар, онда фильтрлер арқылы қажетті модель мен шығарылған жылын тауып бағасын білуге болады. Ұсталған автомобильді жақсылап іздесеңіз өз бюджетініздің 10-15 %-ын жақсы үнемдеуге болады.

Ұсталған автомомбильдерді сатып алатын адамдар автомобильден өздеріне не қажет екендігін анық біледі: автомобильдің жүріп өткен жолы, былғары салон, кең салон, қозғалтқыш көлемі және басқа да параметрлері. Мұндай параметрлер бойынша бірнеше модель келуі мүмкін, тіпті бір өндірушінікі болуы мүмкін. Ең дұрысы арасынан таңдап алу үшін сіздің барлық талаптарыңызға сай келетін екі-үш модельді таңдап алыңыз. Модельді таңдағаннан кейін, барлық функцияларын, сынған жерлерін қарап шығып қызмет көрсету құнын анықтаңыз. Егер нақты модельді таңдаған болсаңыз, интернетте осы марканы сатып аларда ол туралы пікірлерді оқып қандай жайттарға көңіл аудару қажеттігі туралы оқи аласыз. Толық түсініктемесі, сипаттамасы мен фотосы жоқ хабарландырулардан бірден бас тартыңыз: көбінесе, оларды алыпсатарлар мен алаяқтар орналастырады. Тіпті егер сіздің таңдауыңыз бір модельге ғана түсетін болса да, басқа да жақсы нұсқаларды іздеуді тоқтатудың  қажеті жоқ.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/vehicle/avto01

0 дауыс
ен жаксы машина-жана машина.

Дурыс.Но кредитке емес 
...