+1 дауыс
23.6k көрілді
Права оқу 40000 -60000тг дейді.Сонда мысалы мен Б,С-ны 3 ай оқып 60000 тг төлеп емтихан тапсырған соң права аламын ба? Емтихан өту оңайма?тағы Басқа артық ақша төлеймін бе?

10 жауап

+1 дауыс
60 мың қымбат екен. Негізі, ол тек оқуыңның ақысы. Автошколаны бітіргеннен кейін вождение мен теориядан емтихан тапсырасың. Өтсең, суретке түсіріп алады да, бір сағаттан кейін праваңды қолыңа ұстатады.
Ал өтпесең не болады?оқуынан басқа қандай тағы қанша ақша?
+1 дауыс
https://surak.baribar.kz/218702/
+1 дауыс
ия сен әрине аласын үстінен төлеп керек емес
+1 дауыс
ГАИ де тесттен өте алмасаң ақша арқылы өтуді ұсынатындар бар.
Қанша теңгеге?
0 дауыс
Қазіргі интернет заманында қашықтан (дистанционно) оқуға мүмкіндік бар. Қазақстанның қай жерінен болсаңыз да проблема жоқ. Оның үстіне интернет арқылы оқығанда, бағасы да төмендеу болады. Оған себеб - жалдамалы сыныптың жоқтығы. Екіншіден - мұғаліммен жеке-дара сабақ аллуға болады. Практика сабағына келсек (вождение), инструктор сіз қалаған жерден алып кетеді. Егер инструктор туралы мәлімдеме жасағыныз келсе, сол интернет арқылы жолдауыңызға болады.
0 дауыс
Праваны калай ертрек алсам болады мысалы мен каз 18 дем 1 аптада алу канша акша боп жатыр сосын окып алсам канша айда алам канша акша болады в мен с
0 дауыс

Жүргізуші куәлігін алу процесін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

  • жол қозғалысының ережелерін оқу және көлік құралын жүргізуге үйрену;
  • емтихан тапсыру;
  • құжаттарды жинау;
  • құжаттарды тапсыру және жүргізуші куәлігін алу.
Жүргізуші куәлігі келесі жасқа толған адамдарға берілуі мүмкін:

«AI» кіші санатының көлік құралдары — он алты жасқа толған адамдарға;

— «А», «В» санатының және «B1», «C1» кіші санаттарының көлік құралдары — он сегіз жасқа толған адамдарға;

— «С» санаттарының және «D1» кіші санатының көлік құралдары — жиырма бір жасқа толған, үш жылдан кем емес жүргізуші өтілі бар, соның ішінде «С1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бір жылдан кем емес адамдарға;

— «D», «Тm» және «Tb» санатты көлік құралдарын — бес жылдан кем емес мерзімде жүргізуші жұмыс өтілі бар жиырма бес жасқа толған, соның ішінже үш жылдан кем емес «D1» санатына жататын көлік құралдарын басқару өтілі бар адамдарға;

— «BE», «СЕ», «DE» санатты көлік құралдарының құрамы — он екі айдан кем емес мерзім ішінде «В», «С» немесе «D» санатты көлік құралдапын басқару құқығы бар адамдарға;

— «С1E», «D1E» кіші санатты көлік құралдары құрамдары — он екі айдан кем емес мерзімде «С», «D» санаттары немесе «C1», «D1» кіші санаттарымен көлік құралдарын басқару құқығы бар адамдарға.

Сонымен қатар ұлттық жүргізуші куәлігін шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының сыртқы істер Министрлігінің дипломатиялық өкілдерімен жұмыс жасайтын ұйымдар берген жолдама негізінде ала алады.

Автомектепте теориялық оқытудың ұзақтығы екі сағаттан аспайды, ал тәжірибелік үйрету бір сағаттан аспайды, курстың толық уақыты 2,5 ай. Теориялық оқытудың құны 15000-17000 теңгені құрайды. Практикалық оқу құны оқытушымен бірге көлікті бір сағат бойы жүргізгені үшін 750 теңгеден басталады. Егер автоматтық беріліс қорабы бар автокөлікте оқып үйренетін болсаңыз, онда бағасы бір жол жүру сағаты үшін 2500 теңгеге дейін көтеріледі. Оқу сапары саны бойынша қандай да бір шектеу жоқ, барлығы үйренетін адамның дайындығы мен қалауына байланысты.

Жүргізуші куәліктің жаңа үлгісі 2015 жылдың 03 наурызынан бастап күшіне енді, оның келесі санаттары бар:
  1. «А», «A1» - екі дөңгелекті мотоциклдарда;
  2. «В» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын автокөлікте;
  3. «B1» - трициклдарда немесе квадроциклдарда;
  4. «С», «C1» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын жүк автокөлігінде;
  5. «D» - отыратын орынның саны 28-ден кем емес және ұзындығы 7,0 м кем емес автобустарда;
  6. «D1» - отыратын орынның саны 28-ден аспайтын және ұзындығы 7,0 м аспайтын автобустарда;
  7. «BE» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг аспайтын және отыратын орынның саны жүргізушінің орнын санамағанда 8-ден аспайтын, өзінің техникалық мінездемесімен сағатына 100 км кем емес жылдамдықты ала алатын, - рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг кем емес тіркемемен, ал көлік құралы составтың массасы 3 500 кг аспайтын автокөлікте;
  8. «СЕ», «C1E» - рұқсат берілген ең көп массасы 3 500 кг асатын, арасын 1 метрден астам кемінде екі қос доңғалақ білігі бар тіркемесімен немесе жартылай тіркеме;
  9. «DE», «D1E» - буындасқан автобустарда немесе отыратын орнының саны 28 кем емес және ұзындығы тіркемемен 7,0 м кем емес, рұқсат берілген ең көп массасы 1000 кг аспайтын автобустарда;
  10. «Tm» - трамвайда;
  11. «Tb» - троллейбуста.

Толық мәліметты мына сілтемеден видео арқылы көрсеңіз болады. Мәліметтер egov.kz сайтынан алынды

0 дауыс
Сәламатсыздар көлік жүргізу куалігі бар еді бірак ол монғолия куалік еді соны қазахстанга ауыстыру үшін не істеуім керек?
0 дауыс
Менде Өзбекстан правасын. 3 жыл бұрын личион болып еди. Енди Өзбек правасын берема әлде казак правасын берема
0 дауыс
Емтиханды қазақша тапсырама
...