0 дауыс
777 көрілді
1917 революция күшті жағы мүмкіндіктері әлсіз жағы және қуіп қатері

1 жауап

0 дауыс

1917 жылғы екі революция кезеңіндегі Қазақстан 1917 жылғы ақпанда патша өкіметін құлату Ресей мен оның ұлттық шет аймақтарындағы саяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Ақпан революциясының нәтижесінде қосөкімет қалыптасты, бір жағында буржуазия мен буржуазияланған помещиктердің Уақытша үкіметі пайда болса, екінші жағында жұмысшы және солдат депутаттарының мүддесін көздейтін Кеңестер құрылды. Қосөкіметтің мәні мынадай болды: нақты билікке ие Уақытша үкіметтің күшті әлеуметтік базасы болмады, ал Кеңестер әлеуметтік күшке ие бола тұрып, нақты билікке қол жеткізе алмады. Соңғысының үміті — әлеуметтік жағынан төменгілердің тікелей қолдауына сүйене отырып, билікті революция арқылы басып алу еді. Ресей мен Қазақстанның саяси өмірінде соңғы үрдіс басымдыққа ие болды. Мемлекеттік Думаның Уақытша комитетінің құрылуы, ол комитет арқылы Уақытша үкіметтің дүниеге келуі, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесінің құрылуы туралы хабар (негізінен жеделхат түрінде), Уақытша үкімет пен Петроград Кеңесі Президиумының халыққа жолдауы Қазақстанға 1917 жылы наурыздың 2-3-інде келіп жетті. Уақытша үкімет те, Петроград Кеңесі де алғашқы кезде бір-бірін жарыса толықтырумен болды. Мұның өзінше қисынды жағы бар еді. Уақытша үкімет қажетті заңды өкілеттіктері бар жоғарғы мемлекеттік жалпыхалықтық сайланған органның еркін білдіретін таза қызметтік аппарат ретінде әрекет етті. Мұндай жағдай жергілікті жерлерде, шет аймакқтарда әлі де билікке ие, жазалаушылық қабілетінен айырыла қоймаған көне (патшалық) бюрократиялық басқарудың қарсылығын бірден басты.

Петроград Кеңесінің Президиумы өз кезегінде халықтың қажетті қолдауына ие болды, губерниялар мен уездерге тікелей халықтық үкімет - Кеңестерді құруға шақырған жедел хаттар жіберді. Мұндай әрекет революцияның жеңісін бекіте түсу үшін қажет болды, өйткені бұл ақпан жеңісін сақтап қалуға және буржуазияның барлық биліктерін шектеуге белгілі мөлшерде жағдай туғызатын еді.

Петроградтан тараған нұсқаулар жер-жерде, оның ішінде Қазақстанда да қозғалыстың ерістеуіне себепші болды. Бір жағында буржуазиядық элементтер әрекет етсе, екінші жағында революциялық-демократиялық күштер қимыл жасады. Олар соған сәйкес Уақытша үкіметтің жергілікті құрылымдарын атқарушы (азаматтық) комитеттер мен революциялық билік органдары — Кеңестер құрады. Орталықтағы сияқты жергілікті жерлерде де Кеңес қайраткерлерінің атқару комитетінің құрамына немесе керісінше атқару комитетіндегілердің Кеңес құрамына кірген фактілері жиі кездесіп отырды. Лениннің бағалауы бойынша мұндай «екі диктатураның ғажайып жымдасуының. өзіндік себептері болуымен қатар, ізінше шиеленісті жайтқа түрткі болды, себебі саяси селбесушілердің ел мен Қазақстанды дамыту болашағы туралы түсініктері барынша алшақ еді.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...