0 дауыс
468 көрілді

   <!--[endif]-->Адами даму мен орнықты даму арасындағы байланыстылық.

1 жауап

0 дауыс

Тұрақты даму қазіргі уақыт қажеттіктерін қанағаттандыратын, бірақ болашақ ұрпақтардың өз қажеттіктерін қанағаттандыру қабілеттілігіне қауіп төндірмейтін даму болып табылады. (Брундтланд комиссиясы, БҰҰ, 1987ж.)

Жаңа өркениеттің басым құндылықтарының біріне «орнықты даму» концепциясы жатады. Ең алдымен, орнықты даму концепциясын адамзат тарихында алғашқы рет Рим клубының өкілдерінің тұжырымдап бергенін еске алған жөн. Рим клубының он баяндамаларында қазіргі экологиялық жағдайды талдау негізінде Батыс өркениетінің ғылыми-техникалық экспансиясының нәтижесінен туындаған қазіргі әлемнің жүйелік дағдарысы туралы қорытынды жасалды. «Қазір, — деп жазады Ф. Сен-Мара, — біз, табиғи кеңістіктің жетіспеуінен және өлсіздігінен болашақ адамзаттың өмір сүру қауіпсіздігін пайымдау арқылы түсінілген» табиғат ғасырына — «жаңа заманға аяқ бастық». Рим клубының бірінші баяндамасының авторлары бойынша, өркениеттілік дағдарыс шекті кеңістікте экспоненциалдық дамудан туындайды. Егер өткен ғасырларда ғылыми-техникалық прогресс индустриалдық қоғамды дамыту арқылы адамзат алдында тұрған қиындықтар мен мәселелерді шешуге себебін тигізсе, онда бұл күндерді прогрестің өзі адамзат үшін қауіп төңдіріп түр.

Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде пессимистік сарындар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму», «болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуын-дағы бағыттарды өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді . Осы және басқа да еңбектерде адамзаттың «бүкілғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға» қол жеткізе алатындығы дәлелденді. Бұл тек қана өндірісті жаппай дамытумен шектелмейтін, адамдық дамуды алдыңғы қатарға шығаратын және жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың негізгі талап-мұқтаждықтары мен құндылықтары өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып келе жатқандығын білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді дамуды жүзеге асыру үшін қажет мөлшердегі ауылшаруашылық өнімдерін өндіре алатын, жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін минималдық деңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді анықтау қажет. Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті. Осы жиын қабылдаған Декларациядан үзінділер келтірейік:

1 - қағида

«Адам жөнінде қамдану орнықты дамуды жүзеге асырудағы әрекеттерде орталық орын алады. Адамдардың табиғатпен үйлесімді, салауатты, жасампаз өмір сүруге құқығы бар...»

2 - қағида

«Даму құқығы бүгінгі және болашақ ұрпақтардың даму және қоршаған орта салаларындағы негізгі қажеттіктерін әділетті түрде жүзеге асыруы керек».

3 - қағида

«Дамушы елдердің, солардың арасында, бірінші кезекте, ең төмен дамыған және экологиялық жағдайы қауіптілерінің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне басты назар аудару керек».

4 - қағида

«Әлем, даму және қоршаған ортаны қорғау бір-біріне байланысты және бөлінбейді» 

Орнықты даму принциптерінің өлшеуіші ретінде адам алынады. Соңғы жылдары әлем елдерін салыстыру білімділік деңгейін, адамдардың орташа жас мөлшерін және басты қажеттіктерін өтеу сапасын қамтитын адамдық даму индексі арқылы жүргізіледі. Адамдық көрсеткіштерді ескермейтін, тек табиғатты пайдалануға бағытталған, табиғи және әлеуметтік қоршаған ортада тұтынушылық пиғылдағы ұстаным шынайы кісілік байлықты дамыта алмайды: адамды белгілі бір жоспарлар мен стратегияларды жүзеге асыратын құрал ретінде қарастырған жөн емес, керісінше даму жоспарлары адамға қызмет ету керек. А. Печчеи атап өткеніндей, «адамда біздің барлық шешілмеген мәселелеріміздің негізі жатыр, онда барлық үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз қордаланған, және ол біздің барлық арманымыздың түйіні» (Печчеи А. Человеческие качества. — М., 1980. - С. 183, 184). Өсу үшін өсу адамзаттың мүдделеріне қайшы келеді — ол өмір сапасын жоғарылатудан гөрі, керісінше, төмендетіп жібереді. Экономикалық даму гуманды мақсаттарға қызмет етуі керек және осы міндетке сәйкес болса ғана өзін-өзі ақтай алады. Қоршаған ортаның тежеусіз ластануы, қалалық конгломераттардығы автокөліктің көбеюінен пайда болған шу мен зиянды смог, тұлғасыз бюрократтану мен руханилыққа қарсы стандарттау, нәпсіқұмарлыққа жарнама мен өндірісті пайдалану, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс және халықаралық саудадан түсетін пайда арқылы өлшенгенде экономикалық даму болғанымен, ол адамзаттың түбегейлі мүдделеріне ыңғайлы және қолайлы емес. Орнықты даму жүйесінде барлық құрылымдар адамдық табиғаттың ізгі және гуманды негіздерімен айқындалады және мынадай адамгершілік құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталған:

әлем азаматтарының тең құндылығының көрінісі ретінде бүкіл дискриминация мен қорлауға қарсы тұратын теңдік;

әрбір тұлғаның негізгі құндылықтарының және олардың бас-қалармен еркін үйлесімділігін білдіретін бостандық;

демократия және адамдардың экономикалық, саяси және қоғамдық өмірде толыққанды қатысуы;

ортақ мүдде мен өзара сыйласуды білдіретін және басқаға деген туысқандық пен сүйіспеншілік сезімін аңғартатын бірегейлік;

халықтардың өзіндік ерекшеліктерін дамытатын және әртүрлі елдердің арасындағы мәдени құндылықтар алмасуының құралы болатын мәдени әртүрлілікті сақтау;

салауатты қоршаған ортаны сақтау .

...